Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана
Бұл бөлімде "сыр" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.
Кей адам күлкісімен әбден сыр алдырып қояды, сіз табан астында оның бүкіл қатпар-қалтарыстарын біліп аласыз. Тіпті даусыз ақылды күлкі де кейде жиіркенішті болады. Күлкі ең алдымен шынайылықты талап етеді.
Ілмектер: күлкі, адам, сыр Федор Достоевский
Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,
Ілмектер: ойын, күлкі, сыр, сымбат Абай Құнанбайұлы
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.
Сырыңды ешкімге алдыртпа! Екі елі ауызыңа сыймаған сөз өзгенің отыз екі тісінің арасына тіптен сыймайды.
Ілмектер: сыр, сөз, сыр сақтау Бауыржан Момышұлы
Жақсы дос - білген сырын сыртқа жаймас.
Ілмектер: дос, сыр Абай Құнанбайұлы
Өз сырыңды айтып қою – ақымақтық.
Ілмектер: сыр, ақымақ Франсуа Вольтер
...сылқитып ішіп алған адам сыр да сақтамайды, уәдесін де орындамайды.
Ілмектер: уәде, адам, арақ, сыр Мигель де Сервантес
Тәрбиелі адамдар адамның жеке басын ардақтай біледі, сондықтан да ол әр уақытта мейірбанды, жайдары, сыпайы, көнгіш келеді... Болмашыға бола өтірік те айтпайды... Олар көп мылжыңдамайды, ешкім сұрамаса ішкі сырын шашпайды.
Ілмектер: өтірік, сыпайылық, сыр, тәрбиелі Антон Чехов
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі