Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (112) Өлеңдер (198) Жоспарлар (4) Мақал-мәтелдер (44) Ұлағатты сөздер (30) Әзіл, анекдоттар (7)

"әке" туралы Ұлағатты сөздер

"әке" туралы ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "әке" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Әкесіз бала жиын болса бара алмас, барса орын ала алмас.

Ілмектер: әке, бала Бұқар жырау
WhatsApp Telegram

Әкесі бар баланың жебесі тастан өтеді.

Ілмектер: әке, бала, тас, жебе Бұқар жырау
WhatsApp Telegram

Әкелі бала – жау жүрек,
Әкесіз бала – су жүрек.

Ілмектер: әке, бала, қорқақтық Бұқар жырау
WhatsApp Telegram

«Мені ақша қызықтырмайды» немесе "әңгіме ақшада емес" деп кедей әкем айтатын, ал бай әкем: «Ақша — бұл билік» — деп өз пікірінен қайтпайтын.

Ілмектер: ақша, билік, әке, пікір Роберт Кийосаки
WhatsApp Telegram

Жасым он төртте болғанда әкем өте ақылсыз, ақымақ еді. Мен оны әзер түсінетінмін. Ал, менің жасым жиырма бірге келгенде, сол жеті жыл аралықта әкем өте ақылды, өзіме ақылшы-тіреу, одан артық адам жоқ болды.

Ілмектер: әке, ақымақ, ақылды, жыл Марк Твен
WhatsApp Telegram

Іске деген сүйіспеншілігі бар мұғалім жақсы мұғалім болады. Егер мұғалім шәкіртін әкесіндей, шешесіндей сүйетін болса, ол барлық кітаптарды оқыған, бірақ іске де ,шәкірттеріне де сүйіспеншілігі жоқ мұғалімнен тәуір болмақ. Егер мұғалім өз бойында іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса, ол - кемел ұстаз.

Ілмектер: мұғалім, ұстаз, әке, шеше, кітап, шәкірт Лев Толстой
WhatsApp Telegram

Қыз ақылды ескермес - ана үлгісін көрмесе,
Ұл жарлықап ас бермес - әке үлгісін көрмесе

Ілмектер: қыз, ұл, үлгі, ана, әке Қорқыт ата
WhatsApp Telegram

Әкеңді білмеген ештеңе емес, қаптаған халықтың ішінен ұлтыңды білмеген не деген сұмдық!

Ілмектер: халық, ұлт, әке Қадыр Мырза Әли
WhatsApp Telegram

Әкем маған жұмысты сүюді емес, жұмыс істеуді үйретті.

Ілмектер: әке, жұмыс, сүю Авраам Линкольн
WhatsApp Telegram

Үміт күткен ұлы оңбаған болып кетсе – әке сорлы; қызы күйеуге өтпесе – шеше сорлы; сұлу деп алғаны сүйкімсіз болып шықса – жігіт сорлы; қыран деп тигені жапалақ болып шықса – жар сорлы

Ілмектер: әке, шеше, жігіт, жар, сұлу, қыз Әзілхан Нұршайықов
WhatsApp Telegram