Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (52) Өлеңдер (150) Жоспарлар (5) Мақал-мәтелдер (162) Ұлағатты сөздер (150) Әзіл, анекдоттар (1)

Мен өзiмнiң әр қимылымды қайталайтын досты қажет етпеймiн: мұны менiң көлеңкем әлдеқайда жақсы жасайды.

Ілмектер: дос, нақыл, афоризм, көлеңке, қанатты сөздер Плутарх

Досы көпті жау алмайтын заман өткендей.
Досы көпті қазір табалмайтын заман келгендей.

Ілмектер: нақыл сөз, даналық сөз, ұлағатты сөз, дос, достық, жау, заман, досы көп, қазіргі заман Али Динабеков

Ақында адамзаттан дос болмайды,
Жалғыз-ақ сыр сөйлейді қаламына.

Ілмектер: ақын, дос, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мағжан Жұмабаев

Күншілдерді тұйыққа тіреу үшін көшеге балдақпен шығу қажет секілді. Достарымыз бен қастарымыздағы қандай да бір адамгершілікті тек біздің дәрменсіз күйіміз ғана оятпақ.

Ілмектер: дос, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, адамгершілік, дәрменсіздік Эмиль Чоран

Өзін аяған — дұшпанға дос.

Ілмектер: дұшпан, дос, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Қорқақ дос, дұшпаннан да жаман, Өйткені, дұшпаннан сақтанасың, ал досқа сеніп қаласың.

Ілмектер: дос, адам, нақыл Лев Толстой

Ақымақпен достық құрып, жетіспейсің. Дананың берген уын қабылда, ақымақтың қолынан алтын алма.

Ілмектер: ақымақ, дос, достық, дана, алтын Омар Хайям

Жұрттың бәріне бірдей дос боламын дегендер ешкімге де дос бола алмайды.

Ілмектер: жұрт, дос, дос болу, Достық Омар Хайям

Бөтенге шексіз сеніп қалудан сақтан, дос деп құрмет тұтып жүрген адамыңның өзі сені сатып кетуі мүмкін.

Ілмектер: бөтен, сену, дос, сатқындық Омар Хайям

Өмір сүрудің екі заңын білген адам бақытты болар. Бірі — не болса соны жей бермей, азығына талғаммен қарайтын жан; бірі — кім болса, сонымен дос болмай, айналысындағы достарын жөнімен таңдай білетін адам.

Ілмектер: өмір, заң, азық, дос Омар Хайям

Кіммен жүргеніңе, кіммен дос болғаныңа мұқият бол. Өйткені бұлбұл гүлге, қарға қоқысқа жетелейді.

Ілмектер: бұлбұл, қарға, Достық, дос, жақсы, жаман Жалаладдин Руми

Бұл қандай өмір, егер ол достарымның өмірімен төленген болса!

Ілмектер: өмір, дос Юлиус Фучик

Достарды екі топқа бөліп, қарастыруға болады. Біріншісі - белгілі бір уақыт қана сіздің өміріңіздің қонағы болса, екіншісі – қандай қиындық туса да қасыңыздан кетпейтін жандар. Оларды бағалай білу керек. Өйткені олар өмір бойы сіздің қасыңызда болады.

Ілмектер: дос, өмір, қонақ, қиындық, бағалау Агата Кристи

Дүниеде достық заңынан асқан заң жоқ.

Ілмектер: дос, дүние, заң Тоқсары

Табын-табын малыңмен емес, қатар-қатар қосыңмен емес - ақ адал досыңмен мақтан.

Ілмектер: дос, мал, дүние, мақтану Тоқсары

Мен жауларымды қырып-жойып жеңбеймін, оларды өз достарыма айналдырамын.

Ілмектер: жау, дос, жеңу Авраам Линкольн

Өмірдің ең тәтті қызығы — адал достарыңның көп болуы.

Ілмектер: өмір, қызық, адал, дос Авраам Линкольн

Достық — өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашан да барлық басқа игілікке ие бола тұрса да, дос-жарансыз өмірді қаламақ емес.

Ілмектер: дос, достық, өмір Аристотель

Доссыз қалу - бақытсыздықтың ең үлкені

Ілмектер: дос, бақытсықдық Даниель Дефо

Досыңыздың кім екенін айтсаңыз, сіздің кім екеніңізді айтып беремін.

Ілмектер: дос, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Дейл Карнеги