Корейская косметика премиум класса

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (238) Өлеңдер (177) Жоспарлар (22) Мақал-мәтелдер (260) Ұлағатты сөздер (188) Әзіл, анекдоттар (16)

Баланы өмір сүруге үйрету керек.

Ілмектер: бала, өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жан-Жак Руссо

Егер ересек адаммен қандай да бір қалжыңбас бір-ақ күн өзінің баласымен сөйлескендей сөйлессе, ол адам есін жоғалтар еді.

Ілмектер: педагогика, бала, сөйлесу Эллен Кей

Баланы тәрбиелеу үшін — оны білу керек, оны білу үшін — оны бақылау керек, ал оны бақылау үшін — оған бостандық беру керек.

Ілмектер: бала, Тәрбие, бостандық Мария Монтессори

Жаңғызға зорлық қылмаңыз, жағасынан алмаңыз.
Қара бура арыса — майы қалың бесті артық,
Баласы жоқ қатыннан — лақтаған ешкі артық.

Ілмектер: бала, зорлық, ешкі, лақ, май, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Бақыт деген – сенің бала күндерің,
Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің.

Ілмектер: бақыт, бала, балалық шақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мұқағали Мақатаев

Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға.

Ілмектер: ұстаз, бала, нақыл, афоризм Абай Құнанбайұлы

Отбасы – адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын... адамның ең басты шаттығы болып саналатын балалардың өсіп, өмір сүретін орны.

Ілмектер: отбасы, адам, шаттық, бала, өмір, нақыл, афоризм Антон Макаренко

Бала тәрбиесі бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер.

Ілмектер: бала, тәрбие, ғылым, өнер Мағжан Жұмабаев

Адам өміріндегі ең үлкен қуаныш — бала сүю.

Ілмектер: өмір, бала, қуаныш Бауыржан Момышұлы

Әкенің баласына ғылым, адамгершілік және өнер үйретуі парыз.

Ілмектер: әке, бала, ғылым, адамгершілік, өнер Мұхаммед Бағдади

Бала нені білсе жастан, ұядан -
Өле өлгенше соны таныр қиядан.

Ілмектер: бала, тәрбие Жүсіп Баласағұни

Баланың жақсысы — әке мен шешенің ары, ата-ананың абыройы, жаманы — қайғысы, азап соры.

Ілмектер: бала, жақсы, ата-ана, шеше, әке, абырой, жаман, қайғы, азап, сор, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Василий Сухомлинский

Баланы қоршаған ортасы тәрбиелейді.

Ілмектер: бала, қоршаған орта, тәрбие, орта, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мария Монтессори

Қателік жіберген баланы құрметтеңіз. Сол кезде ғана ол қатесін түзете алады.

Ілмектер: қате, қателік, бала, құрметтеу, тәрбие, түзету, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мария Монтессори

Қашан да балаға құлақ салып, сұрақтарына жауап беріңіз.

Ілмектер: бала, сұрақ, жауап, тәрбие, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мария Монтессори

Сәбилер таза да пәк жаратылыс. Тіпті жыртқыш аңдардың балалары да періште кейпінде болады. Сондықтан, оларды қадірлеп, құрметтеуіміз керек. Оларды бірде аялап, бірде таптап көңіл-күйіміздің ойыншығы қылмауымыз керек.

Ілмектер: сәби, бала, таза, пәк, аң, жыртқыш, көңіл-күй, аялау, таптау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ойыншық Антон Чехов

Балаға мейірбандықпен қараса, ол шыдамды болуды үйренеді.

Ілмектер: бала, мейірім, шыдам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, тәрбие Мария Монтессори

Баланы жиі мақтаса, ол бағалауды үйренеді.

Ілмектер: бала, тәрбие, мақтау, бағалау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мария Монтессори

Баланы жиі келемеждесе, ол ұялшақ болуды үйренеді.

Ілмектер: бала, тәрбие, келемеждеу, ұялшақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мария Монтессори

Баламен шынайы болған жағдайда, ол әділдікке үйренеді.

Ілмектер: бала, шынайылық, тәрбие, әділдік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мария Монтессори