Өлеңдер Бөлімі

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (15) Өлеңдер (23) Жоспарлар (13) Мақал-мәтелдер (272) Ұлағатты сөздер (122)

Көп еңбек еткенге бақыт басын иеді

Ілмектер: еңбек, цитата, дәйексөз Леонардо да Винчи

Даңққа бөлену дейсіз бе? Бұлай жасау менің қолымнан келсе жақсы. Жоқ, адам тек өлгеннен кейін ғана демалады.

Ілмектер: даңқ, адам, демалу, еңбек Ли Куан Ю

Арғымақтың баласы
Арыған сайын тың жортар
Арқа мен қосым қала деп,
Азамат ердің баласы
Жабыққанын білдірмес,
Жамандар мазақ қылар деп.

Ілмектер: еңбек Қазтуған Сүйінішұлы

Іздесең – табарсың, алыссаң – аларсың.

Ілмектер: еңбек Мұхтар Әуезов

Еккенің тікен болса, орғаның балауса болмас.

Ілмектер: нәтиже, еңбек Мұхтар Әуезов

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Ілмектер: нақыл сөз, еңбек Мұхтар Әуезов

Кемеңгерлік-1 пайыз шабыт және 99 пайыз еңбектен тұрады.

Ілмектер: Кемеңгерлік, шабыт, еңбек Томас Эдисон

Ескірген еңбекті жұрттан бұрын жазушының өзі сезуге тиіс.

Ілмектер: жазушы, еңбек Ғабит Мүсірепов

Еңбектегі табыс - бұл табысқа жеткен адамның мақтанышы. Өз еңбегін мақтан тұтпаған нағыз адам бола алмайды.

Ілмектер: еңбек, табыс, мақтаныш, нақыл, афоризм Василий Сухомлинский

Балалық шақтағы, есею және ерте жастық кездердегі еңбекпен шұғылданған өмір адамның дене бітімінің дұрыс қалыптасуының маңызды бір шарты.

Ілмектер: бала, өмір, балалық шақ, еңбек, нақыл, афоризм Василий Сухомлинский

Білім - асыл қазыналы сандық, оны ашатын кілт - еңбек.

Ілмектер: білім, еңбек, нақыл, афоризм Пьер Буаст

Еңбек етіп табысқа жету қиындығын көрмеген адамда қайыр жоқ.

Ілмектер: еңбек, табыс, қиындық, қайыр, адам Абдуллаһ ибн әл-Мүбәрак

Ақын еңбегінің жалғыз өлшемі – оның адам жүрегіне қанша жақындай алғаны.

Ілмектер: ақын, еңбек, нақыл, афоризм, жүрек, қанатты сөздер Әбіш Кекілбаев

Адамгершілікке тəрбиелеу құралы — еңбек пен ата-ана үлгісі.

Ілмектер: ата-ана, адамгершілік, еңбек, үлгі, нақыл, афоризм Ыбырай Алтынсарин

Мейірім, ынсап, әділет, адал еңбек, таза жүрек, тату дос - өмірінде өкіндірмес қасиеттер осылар.

Ілмектер: Мейірім, ынсап, әділет, адал, еңбек, жүрек, татулық, дос өмір, қасиет Шәкәрім Құдайбердіұлы

Табыс — бұл маңдай тердің көрсеткіші. Қаншалықты көп терлесеңіз, соншалықты табысты боласыз.

Ілмектер: табыс, көрсеткіш, маңдай, тер, терлеу, нақыл, афоризм, еңбек, қанатты сөздер Рэй Крок

Данышпандықтың құпиясы қарапайым — еңбек, табандылық және парасаттылық.

Ілмектер: Данышпан, құпия, еңбек, табандылық, парасат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Томас Эдисон

Терiн сатпай, телмiрiп көзiн сатып,
Теп-тегiс жұрттың бәрi болды аларман.

Ілмектер: тер, көз, сату, еңбек, аларман, жұрт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы

Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық қылған жалықпас,
Үйретуден балаға.

Ілмектер: бала, еңбек, ұстаз Абай Құнанбайұлы

Адамның қажырлы еңбегі үшін ең үлкен сый — қол жеткізген табысы емес, оның бойындағы өзгеріс.

Ілмектер: адам, еңбек, сый, табыс, өзгеріс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джон Рескин

×