Қаныш Сәтбаев нақыл сөздері мен қысқаша мәліметтері осы бетте берілген.
Қаныш Сәтбаев дәйексөздері мен ойларын осы жерден оқуға болады.
Еңбек етпесең, жиған білімің кәдеге жарамай жатқан минерал секілді. Оның ішін аршып, асыл кенін жарқырату үшін еңбек керек, қол мен ой қимылы қажет.
Ілмектер: еңбек, ой Қаныш Сәтбаев
Ғылым майданының қатардағы жауынгері тек үнемі оқу, іздену, талпыну, тану, өмір мектебінен өту арқылы ғана оның ірі қайраткері дәрежесіне дейін көтеріледі.
Ілмектер: ғылым Қаныш Сәтбаев
Өз білімін өмірдің, өндірістің тәжірбиелерімен нығайтып, байытып отыратын, тапқан ілімін үлкенді-кішілі ашқан жаңалығын халықтың қажетіне беріп отыратын ғылым ғана өз дәрежесінде заман талабының өресінде болады.
Ілмектер: білім, ғылым, заман Қаныш Сәтбаев
Ісіңізге, еңбегіңізге, оқуыңызға нағыз нағыз адамгершілікпен қарасаңыз, сөз жоқ, жеңіске жетесіздер.
Ілмектер: іс, еңбек, оқу, адамгершілік Қаныш Сәтбаев
Өз елінің қара тасын мақтан ете алмаған, өзге жердің алтынын да мақтап жарытпақ емес.
Ілмектер: ел, мақтаныш, жер, алтын Қаныш Сәтбаев
...біліміңді еңбек пен өмірдің өзінде шыңдап отыр! Сонда ғана білім деп аталатын асыл тас ешқашан тот баспастан жалтырай да жарқырай береді.
Ілмектер: білім, еңбек, өмір Қаныш Сәтбаев
Ғалымға азық берер қайнар көзі кітап бетімен, лаборатория аумағымен ғана шектелмейді, өмірді танумен, еңбек адамының жасампаз ісін танумен кең өрісін табады.
Ілмектер: ғалым, еңбек, өмір Қаныш Сәтбаев
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі