Корейская косметика премиум класса

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (107) Өлеңдер (27) Жоспарлар (6) Мақал-мәтелдер (15) Ұлағатты сөздер (120) Әзіл, анекдоттар (2)

Кітап — заманалар толқынында тербеліп, үстіндегі қымбат қазынасын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан ой кемесі.

Ілмектер: ой, кітап, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, қазына, ұрпақ Фрэнсис Бэкон

Жақсы кітапты оқу өткен ғасырдағы кемеңгерлермен ауызба-ауыз сөйлескенмен бірдей және олар өздерінің ең озық ақыл-ойларын алдымызға жайып салады.

Ілмектер: кітап, кемеңгер, ақыл, ой, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Рене Декарт

Кітап — құдіретті қару. Ақылды, шабытты кітап көп ретте адам тағдырын шешеді.

Ілмектер: кітап, тағдыр, нақыл, афоризм Василий Сухомлинский

Кітап оқымай, ой қызметін нәтижесіз өткізген күн — бекерге өмір сүрген күн.

Ілмектер: күн, кітап, нақыл, афоризм, бекер, нәтиже Василий Сухомлинский

Кітап оқу — міне, үйренудің ең жақсы түрі.

Ілмектер: кітап, үйрену, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Александр Пушкин

Білімнің қайнар бұлағы, сенің рухани қазынаңның қайнар бұлағы — кітап. Өз кітапханаңды құра біл. Кітапты бір оқып қанағат тұтпа, қайтадан оқы.

Ілмектер: кітап, қазына, кітапхана, оқу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Василий Сухомлинский

Кітап — әлемдегі құпиялы ұлы ғажайыптардың бірі.

Ілмектер: кітап, құпия, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Максим Горький

Кітаппен істес болу адаммен істес болуға әзірлейді.

Ілмектер: кітап, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Николай Карамзин

Адамгершілігі жағынан мәдениетті адамдар, саналы еңбеккерлер кітапқа деген терең сүйіспеншілікке бөленген отбасылардан өсіп шығады.

Ілмектер: адамгершілік, мәдениет, кітап, отбасы, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Василий Сухомлинский

Өз бойымдағы барлық ең жақсы қасиеттерім үшін кітапқа қарыздармын.

Ілмектер: қасиет, кітап, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Максим Горький

Кітап ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына.

Ілмектер: кітап, ақыл, қазына, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ақы Әлішер Науаи

...егер кітапты оқи қалсаң, оқыған нәрсеңнің негізгі ойын көңілге тоқи біл.

Ілмектер: кітап, ой, көңіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сенека

Табиғаттағы барша кітапты басынан аяғына дейін ешкімнің де түгел оқуы мүмкін емес. Болмыстың мақсаты: оны мүмкіндігінше ұзағырақ ұмытпау.

Ілмектер: табиғат, кітап, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Константин Циолковский

Білімге құмартып, кітапты бүкіл жан дүниеңмен сүй. Ол сенің ең жақсы досың ғана емес, өміріңнің ақырына дейін сенімді серігің де.

Ілмектер: білім, кітап, дос, өмір, серік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Михаил Шолохов

Егер мен байысам, тек қана кітап сатып алар едім.

Ілмектер: байлық, кітап, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Максим Горький

Кітаппен дос бол, кітаптың жомарт беттері...
Көзінді тосар, адал дос одан жоқ тегі.

Ілмектер: кітап, дос, жомарт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Расул Ғамзатов

Кітаптар — тәрбиенің маңызды жақтарының бірі ретінде тәрбие жоспарына енуге тиіс.

Ілмектер: кітап, тәрбие, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, жоспар Виссарион Белинский

Кітап — ақылды қуаттандыратын құрал.

Ілмектер: кітап, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ян Амос Коменский

Рухында болашаққа ұмтылған жағдайда ғана кітап өміршең болмақ.

Ілмектер: кітап, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, рух, болашақ Оноре де Бальзак

Келешектің бақыты мен құдіретті күші жолында адамзат жаратқан күллі кереметтердің ең күрделі де ұлы кереметі кітап бола алады.

Ілмектер: бақыт, күш, кітап, нақыл, афоризм, керемет, қанатты сөздер Максим Горький