Кітап — әлемдегі құпиялы ұлы ғажайыптардың бірі. Ілмектер: кітап, құпия, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Максим Горький Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Кітап — әлемдегі құпиялы ұлы ғажайыптардың бірі.
Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық білуге. Артық білім кітапта, Ерінбей оқып көруге. — Абай Құнанбайұлы кітап, пайда
Кітап аяулы досы бола бастаған шақтан былай ғана әрбір жан өзін интеллигент бола бастадым деп санауына болады. — Мұхтар Әуезов интеллигент, кітап
Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана. — Әбіш Кекілбаев кітап, кітапхана
Кітап — ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына. — Әлішер Науаи кітап, қазына
Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге. — Абай Құнанбайұлы ғылым туралы нақыл сөз, кітап туралы нақыл сөз
Білім — кітапта. Қазіргі таңда балалардың көбісі компьютерде отырады. Сондықтан, болашақта кітап оқығандар компьютерде отырғандарды басқарады. — Нұрсұлтан Назарбаев білім, кітап
Жақсы кітап — ақылды адамның әңгімесімен бірдей. — Лев Толстой кітап, жақсы
Кітап дегеніміз алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа арнап қалдырған рухани өсиеті, қаусаған қарттың өмір есігін жаңа ашқан жасқа өлер алдында айтқан ақылы, тынығуға кеткен сақшының өз орнына келген сақшыға берген бұйрығы болып табылады. — Александр Герцен кітап, ұрпақ
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі