Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (68) Өлеңдер (74) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (29) Ұлағатты сөздер (53)

Соғыс — халықтың күш-қуатын, ерлік-жігерін сынайтын ұлы емтихан.

Ілмектер: Соғыс, халық, күш-қуат, ерлік-жігер, емтихан, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Соғыс өзімізді өзіміз және басқаларды тануға бейнебір таным айнасы болды.

Ілмектер: соғыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Қатал соғыстағы адамдар — шығарманың материалы. Олардың бейнелері мен портреттері — ғасырлар бойы өзінің терең мәнін жоймайтын дәуір мен халықтың мүсіндік бейнесі, себебі олар қайталанбайтын уақыт пен жағдайларда жасалынған.

Ілмектер: соғыс, адам, уақыт, бейне, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Соғыстың мәңгілік тақырыбы қасиетті төгілген қан болып қала береді.

Ілмектер: соғыс, қан, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Ұрыста өмір ешкімге сыйға берілмейді, жеңіп алынады.

Ілмектер: өмір, соғыс, ұрыс, нақыл, жеңіс, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Соғыстың нақты мақсаты — бейбітшілік.

Ілмектер: соғыс, мақсат, бейбітшілік Сұн Зы

Диктаторлар, негізінен қоғамның ең төменгі сатысында тұрғандар арасынан шығатындықтан, халыққа не қажет екенін жақсы біледі. Олардың өздерінің тілегін орындағандары халықтық да тілегін орындағандық болып шығады... Жұрт өзіне жағынғанды, кейде əкелік қамқорлық жасап, кейде қаталдық танытқанды ұнатады. Осы арқылы оларды соғысқа да іш тартатын етуге болады.

Ілмектер: Диктатор, қоғам, саты, халық, тілек, жұрт, қамқорлық, соғыс Роберт Вальзер

Соғыс болсын деп ешқашан қаламаймын. Бірақ егер осындай ауыртпалық басымызға түссе, Алла бермесін, сіздер және немере-шөберелеріміз бізден кем болмай, жауларға соққы берсін! Біздің өсиетіміз осындай.

Ілмектер: соғыс, Талғат Бигелдинов, өсиет, жаулар, жау Талғат Бигелдинов

Біз броньмен соғысқа бармай қалдық қой. Қабылдауымызға келген соғыс ардагерлерінің өтініш-тілегін жерге тастамайық, олар от пен оқтың астынан келді.

Ілмектер: Жұмабек Тәшенов, соғыс, ардагерлер, құрмет, қабылдау, ардагерлерге құрмет Жұмабек Тәшенов

Соғыстың заңы – өте қатал заң.

Ілмектер: соғыс Бауыржан Момышұлы

Егер соғыс жағдайында жүрсе, адам өзінің ең жақын серіктерінің арасында да мазасыз тірлік кешеді.

Ілмектер: соғыс, мазасыздық Эмиль Дюркгейм