Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Өлеңдер (2) Ұлағатты сөздер (7)

Сіз ішкі шындықты өзгертпей сыртқы шындықты өзгерте алмайсыз.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, шындық, шындық туралы, шындық туралы нақыл сөздер Нарша Булгакбаев

Ақиқатын білмей, туралықты табу мүмкін емес. Ақиқат дегеніміз Құдай сөзі, ғылыми дәлелдер мен имани (рухани-адамгершілік) түсінік, барлық жаратылыстың сыртқы емес ішкі формасы, терең мәні.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, ақиқат, шындық туралы, құдай, ғылым, иман, Рух, адамгершілік, түсінік, жаратылыс, өмірдің мәні Нарша Булгакбаев

Сіз өзіңіз және өмір жайлы шындықты тек өзіңіз қалағандай емес, 3 қалаудың басын біріктіре отырып («Өз Қалауым», «Орта Қалауы», «Құдай Қалауы») үйлесім мен баланс арқылы қалыптастыра аласыз.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, Өмір, шындық туралы, қалау, құдай Нарша Булгакбаев

Бұл өмірде өтірік жоқ, бәрі шындық. Бұл өмірде тек жалған мен ақиқат ғана бар. Жағымсыз, негативті, теріс шындық зиян келтіреді, оң, жағымды, позитивті шындық зиян келтірмейді. Бірақ бұның барлығы жалған, тек шын ақиқат ғана адамға пайда келтіреді.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, өтірік, шындық туралы, жалған дүние, ақиқат, пайда, зиян Нарша Булгакбаев

Қазіргі қоғам әрекетсіз әрекет жасауды жақсы көреді, бұндай амалдың жаулары да бар. Ал негізінен сіз әрекетсіз де әрекет жасауға болатыны белесіз бе? Сіз бірінші қалаған өміріңізді миыңызда қалыптастырасыз, сосын ол өмір шындығына айналады. Ал көптеген адамдар керісінше жасайды, олар бірінші әрекет етеді немесе қалағанына қол жеткізеді бірақ артынан қателіктерге, қиындықтарға ұрынып, өкініп жатады. Неге? Себебі о баста олардың миы дұрыс таңдау жасап, шешім қабылдаған жоқ, ал оған кінәлі адамның қате, бұрыс, жалған сенімі мен түсінігі, өмірлік ұстанымы.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, Қоғам, іс-әрекет, амал, Өмір, ми, шындық туралы, қателік, қиындық, өкініш, шешім, Кінәлау, сенім, түсінік, өмірлік ұстаным Нарша Булгакбаев

Адам өз-өзімен сөйлесетін жалғыз жаратылыс. Күні бойы сіз үнемі өзіңізбен сөйлесесіз яғни ойланасыз және қоршаған шындық (өмір) туралы ақпарат жинайсыз. Сіз дәл компьютерге ақпарат енгізетін бағдарламашы сияқты әрекет етесіз, тек бір ерекшелігі: сіз әрі бағдарламашысыз (программист) және бір уақытта компьютерсіз (ми/сана).

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, адам, жаратылыс, Өмір, шындық туралы, ақпарат, компьютер, ми, сана, программа Нарша Булгакбаев

«Өмірді тек СЫРТҚЫ адамдар (үкімет) басқарады», «Менің өмірім қоршаған ортаға жəне СЫРТҚЫ жағдайларға ғана (отбасы, жұмыс) байланысты» деген сияқты сенімдер – СЫРТҚА тәуелді адамның санасында берік орныққан. Олар керісінше дəлелдейтін логикалық сенімдерді қабылдаудан бас тартады.

Абайдың замандасы, американдық, Уильям Джеймс, көрнекті философ жəне психолог: «Біздің заманымыздың ең үлкен жетістігі — ойлаудың ішкі жақтарын өзгерту арқылы біз өмірдің СЫРТҚЫ жақтарын өзгерте алатындығымыз», — деп айтып кеткен. Бұл қысқа мəлімдемеде үлкен шындық бар.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, Өмір, сырт, адам, Үкімет, басқару, қоршаған орта, отбасы, жағдай, жұмыс, айнала, тәуелділік, сенім, сана, логика, қабылдау, философия, психология, заман, Жетістік, шындық, шындық туралы, Абай Құнанбаев Нарша Булгакбаев