Құстың ұшу үшін жаралғаны сияқты, адам да бақыт үшін жаралған.
Ілмектер: құс, адам, бақыт, жаралған Владимир Короленко
Махаббат бір аққу құс емес пе: өзі де сәнді, әні де сәнді. Дүниеде аққудан әдемі құс бар ма? Сондай-ақ махаббаттан әдемі, одан қымбат адамға сезім бар ма?
Ілмектер: махаббат, сәнді, дүние, сезім, аққу, құс Ілияс Есенберлин
Құс ілген қудың ұятта ісі болмайды.
Ілмектер: ұят, ар, құс Махамбет Өтемісұлы
Ат — жетім: өрен жүйрік шабылмаған, құс — жетім: саятшысы табылмаған, әйел — жетім: өзінің теңін тауып қосылмаған.
Ілмектер: жетім, ат, құс, әйел Шал Құлекеұлы
Қу тамақтың қамы болмаса - құс тұзаққа түспес еді.
Ілмектер: тамақ, еңбек, құс, тұзақ Саиф Сараи
Ұшқан құсты қуып жете алмайсың.
Ілмектер: құс, қуу Құтып
Көгершін үйренген жеріне қонады.
Ілмектер: көгершін, аң, құс, жер Құтып
Ұшудан қалған лашынның қарға төбесін теседі.
Ілмектер: лашын, қарға, құс, аң Құтып
Гүлді көргенде бұлбұлдың өзі-ақ сайрай жөнелер.
Ілмектер: гүл, бұлбұл, құс Құтып
Құстың қонар жерін су білер, Малдың барар жерін ну білер.
Ілмектер: құс, жер, мал Қорқыт ата
Адам өрісі кеңіген сайын аң-құстың өрісі тарыла түседі.
Ілмектер: адам, аң, құс, өріс Қадыр Мырза Әли
Көктің сәні – құс әні, бала мен мал – жер жаны.
Ілмектер: бала, мал, сән, құс Бернияз Күлеев
Қор болып қара құсқа қағылғанша, тұғырда тоят тілемей өлген жақсы.
Ілмектер: құс, өлім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы
Қырандар үндемегенде тотықұстар сөйлейді.
Ілмектер: қыран, құс, тотықұс, сқйлеу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Уинстон Черчилль
Құстың даусы жұмсақ болса да қауырсыны қатты болады.
Ілмектер: құс, жұмсақ, қауырсын, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шандор Петефи
Қыран құс желге қарсы ұшқанда ғана биікке самғайды…
Ілмектер: қыран, құс, жетістік, жігер, биік, самғау, мотивация Уинстон Черчилль
Ақылсызға қонған құс соқыр.
Ілмектер: Ақыл, құс, соқыр, туралы Нарша Булгакбаев
Теңеу: құстың самғау перспективасын көлбақаның секіру перспективасына алмастырған екен.
Ілмектер: теңеу, құс, нақыл, афоризм, нақыл сөздер, қанатты сөздер Освальд Шпенглер
Ағаштар, бақтар, құстардың бітсе құт - демі,
Ілмектер: махаббат, ағаш, бақ, құс Матей Бор
Махаббаттың да біткені.
Қазақтар киеге үлкен мән береді. Кейбір жануарлар мен құстарды тұрмысқа қажетті, киелі деп қастерлейді. Осы аталғандарды құрмет тұту, ырым-жорасын жасап тұру, адам баласына байлық пен бақыт, құт әкеледі деп түсінеді. Ал осы кәделерді ұстамау, киелерді құрметтемеу – жоқшылыққа душар етеді деп санайды. Сондай құдіретті күші бар жан-жануарлардың киесі бар, ал олардың өзін киелі дейді.
Ілмектер: қазақ, жануар, құс, кие, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шоқан Уәлиханов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі