Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (99) Өлеңдер (455) Жоспарлар (4) Мақал-мәтелдер (237) Ұлағатты сөздер (576) Әзіл, анекдоттар (4)

Біз организмімізге немқұрайлықпен қараушылықтан өз өмірімізді өзіміз қысқартамыз.

Ілмектер: денсаулық, өмір, немқұрайлық Павлов Иван Петрович

Оп-оңай іс, оп-оңай тірі жанды өлтіру,
Мүмкін емес қайтадан тірі күйге келтіру.

Ілмектер: Тарих-и-рашиди, Мұхаммед Хайдар Дулати, Өмір Мұхаммед Хайдар Дулати

Сен асыққан екен деп — Алла өмірін өзгертпес.

Ілмектер: асығу, өмір, Алла Абай Құнанбайұлы

Махаббат — өмірдің өлең-жыры, жарық күні.

Ілмектер: махаббат, өмір Виссарион Белинский

Өміріңді байлық қыл — пайдасы болсын ізгілік.

Ілмектер: өмір, ізгілік Жүсіп Баласағұни

Қателіктер өмірдің тыныс белгілері секілді. Олар болмаса, мәтіндегі сияқты, өмірдің де еш мағынасы болмайды.

Ілмектер: қателік, өмір, мағына Харуки Мураками

Отбасылық өмірде ірі зілзаладан аман қалу, ұсақ-түйек кикілжіңнен құтылудан әлдеқайда оңай.

Ілмектер: отбасы, өмір Габриэль Гарсиа Маркес

Әнге әуес, күйге құмар бала жаны сұлу, өмірге ғашық болып келеді.

Ілмектер: ән, күй, құмар, бала, өмір, ғашық Мұхтар Әуезов

Адам дүние есігін анадан туған кезде ғана бір-ақ рет ашпайды. Өмір адамды қайта-қайта жаңадан тууға мәжбүрлейді.

Ілмектер: адам, дүние, ана, өмір Габриэль Гарсиа Маркес

Өмір ешқашан шешуі табылмас жұмбақ,
Ешкім шығара алмас қиын есеп.

Ілмектер: өмір, жұмбақ Оралхан Бөкей

Мен жастарға: «Алдарыңда таудай талап тұр. Өмір заңғарлары үнемі биікке шығарады.Оған жету үшін талмай ізденіңдер!»- дер едім. Жастарға тоғышарлық, бойкүйездік дертінен аулақ, сергек, сезімтал болған жарасады.

Ілмектер: жастар, талап, өмір Ғабит Мүсірепов

Нақты не қалайтыныңызды елестете алған кезіңізде, бұл сіздің санаңыз бен денеңізді мақсатыңызға жету үшін программалай бастайды. Өз шектеулерімізден асып шығу үшін бұдан да зорына лайықты екенімізді сезіне алуымыз керек. Сол кезде шынайы өмір сіздің үмітіңізді ақтайды.

Ілмектер: қалау, мақсат, өмір, сана, дене, сезім, үміт Энтони Роббинс

Қам-қарекетсіз өмір сүру — мезгілсіз қартаю.

Ілмектер: өмір, қартаю Иоганн Вольфганг фон Гёте

Адам өмірінің биік шыңы — жастық.

Ілмектер: адам, өмір, жастық шақ Иоганн Вольфганг фон Гёте

Қызықшыл дырду өмір — күні бұрын жеткен кәрілік.

Ілмектер: өмір, кәрілік Иоганн Вольфганг фон Гёте

Егер еңбекті таңдап алуда сіздің жолыңыз болса және осы жолда өміріңізді сарп ететін болсаңыз, онда сіз бақытты болғаныңыз.

Ілмектер: еңбек, өмір, бақыт Константин Ушинский

Егер дұрыс пайдалана білсеңіз, өмір – ол айтарлықтай ұзаққа созылатын нәрсе.

Ілмектер: өмір Сенека

Бала адаммен араласпайынша өмір сүре алмайды, өзінің бар жүрек жылуын басқа адамға беруді ұжданы талап етеді.

Ілмектер: бала, адам, өмір Василий Сухомлинский

Адам үшін үміт – жанармай секілді. Үмітсіз ол өмір сүре алмайды.

Ілмектер: үміт, өмір, нақыл сөздер Харуки Мураками

Өмірде қате пікір болмайды. Тек біздің пікірімізбен сәйкес келмейтін пікірлер бар.

Ілмектер: өмір, пікір, нақыл сөздер Харуки Мураками