Оралхан Бөкей — нақыл сөздері, ойлары және өмірбаяны

Оралхан Бөкей нақыл сөздері, ой-толғамдары және автор туралы қысқаша мәлімет осы бетте берілген.

Бұл бетте автордың дәйексөздері, өмірбаяны және басқа бөлімдеріне апаратын ішкі сілтемелер бір жерде жинақталған.

Автор туралы

Оралхан Бөкей (28.9.1943, Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданы Шыңғыстай ауылы — 17.5.1993, Үндістан, Дели қаласы, Алматыда жерленген) — Жазушы-драматург, журналист, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасы Жастар сыйлығының лауреаты, Н.Островский атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлықтың лауреаты.

Автордың бөлімдері

Туындылары Нақыл сөздері

Жарияланған материалдар

Журналистика — жол үстіндегі әдебиет.

Ілмектер: Журналистика, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, әдебиет Оралхан Бөкей
WhatsApp Telegram

Қанатыңмен ұшқанда,
Құйрығыңды ұмытпа.

Ілмектер: қанат, ұшу Оралхан Бөкей
WhatsApp Telegram

Өмір ешқашан шешуі табылмас жұмбақ,
Ешкім шығара алмас қиын есеп.

Ілмектер: өмір, жұмбақ Оралхан Бөкей
WhatsApp Telegram

Бүкіл әлемде адам баласы қаншалықты мол болса, соншалықты жалғыз – оны жалғызсыратпайтын айрылмас адал досы - өзінің ОЙЫ ғана.

Ілмектер: адам, әлем, ой, дос Оралхан Бөкей
WhatsApp Telegram

Неғұрлым керең болсаң,
Соғұрлым жақсы естисің.

Ілмектер: керең, есту Оралхан Бөкей
WhatsApp Telegram

Махаббат – зор саналылықтың, білгір-білімділіктің, асқан ақыл-ойдың жемісі емес, ол – тек жерде ғана өмір сүретін, бірте-бірте архаизмге айналатын, тууы бар, өсіп-өнуі жоқ көзге көрінбей мәңгі жасайтын бейнесі белгісіз Дара ұғым.

Ілмектер: махаббат, мәңгі Оралхан Бөкей
WhatsApp Telegram