Күнделiктi iзгiлiктiң 13 принципi: ұстамдылық, көп сөйлемеу, тәртiп, батылдық, әрекетшiлдiк, ашықтық, әдiлдiк, құнттылық, сабырлылық, тазалық, байсалдылық, пәктiк, қарапайымдық.
Ілмектер: iзгiлiк, ұстамдылық, көп сөйлемеу, тәртiп, батылдық, әрекетшiлдiк, ашықтық, әдiлдiк, құнттылық, сабырлылық, тазалық, байсалдылық, пәктiк, қарапайымдық, нақыл, афоризм Бенджамин Франклин
Жоғары iзгiлiктiң белгiсi — бүкiл әлемдi оны өзiмiз алғаш көрген күйде қалдыру жөнiнде қиын шешiмге келуге жету.
Ілмектер: iзгiлiк, әлем, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бальтасар Грасиан
Жан жалқаулығы - қауiптi нәрсе. Өз жаныңа үңiлiп, онда осы қырсықтың ұрығы жоқ па екен, соны байқа. Егер бар болса - лақтыр оны, оның тамыр жаюына жол берме. Жан жалқаулығы - адамға деген немқұрайдылық. Сен үлкен қаланың көшесiнде келе жатып, көп адамның iшiнен көзiнде қажу мен торығу мұңы ұялаған кiсiнi көргенде жаның селт етпесе, бiреудiң қайғысын сезiне бiлмесең, адам жанын - осы бiр қайталанбас әлемдi түсiнбесең, онда сен де осы аурудың - жан жалқаулығының алғашқы белгiлерi бар. Өзiңдегi осы ауруды жеңе бiл. Айналаңда болып жатқан нәрселерге ой көзiмен қара. Адамды көрiп, сезiне бiлуге үйрен. Өзiңдi қоршаған дүниедегi ең бастысы адам екенiн ұмытпа. Егер өзiңдегi бұл ауруды о баста жеңе алмасаң, онда өз әйелiңнен адамды көрiп, сезе алмайсың, сұлулық пен iзгiлiк еге алмайсың, сондықтан өз балаларыңды дұрыс тәрбиелей алмайсың.
Ілмектер: афоризм, жалқаулық, нақыл, қанатты сөздер, Немқұрайдылық, адам, сезім, сұлулық, iзгiлiк, тәрбие сағаттары Василий Сухомлинский
Iзгiлiктi көрсем мақтаймын, бiрақ лайықсыз iстер тартады да тұрады.
Ілмектер: Iзгiлiк, мақтау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Овидий
Есте iзгi iстерге қарағанда, ренiш ұзақ сақталады. Iзгiлiк тез ұмытылады, ал ренiш, өкпе есте тайға таңба басқандай тұрып алады.
Ілмектер: iзгi iстер, ренiш, Iзгiлiк, өкпе, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сенека
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі