Өлең, жыр, ақындар

bazargul

  • Ұпайы: 22
  • Тіркелген уақыты: 20.01.2016 21:22
  • Соңғы кірген уақыты: 16.06.2016 18:20
  • Аты-жөні:
  • Жынысы:
  • Пікірлері саны: 0

Жариялағандары

Жоспарлар Мақал-мәтелдер

Өнерді үйрен, үйрен де жирен. Ішің күйсе ,тұз жала, сыртың күйсе, домала. Біреу ойнап сөз сұраса сен шындап жауап бер. Ит үрді- керуен көшті. Аузы жаман ел былғайды, Аяғы жаман төр былғайды. Шешеннің тілі ортақ, Шебердің қолы ортақ. Жақсыдан шарапат, Жаманнан кесапат.Шабан ат-өршіл, Жаман адам -төршіл. Тоты құс бойына қарап зорланады, Аяғына қарап қорланады. Балалы марал маңырайды, Баласыз марал аңырайды. Жақсыға сөз ілеседі, Жаманға шөп ілеседі. Тауықсыз да таң атады. Көппен көрген -ұлы той. Жол қуған кәдеге жолығады, Сөз қуған пәлеге толығады. Көже, көзіңе айтайын, Сорпадан садаға кет! Еттің бәрі қазы емес, Иттің бәрі тазы емес. Ер қанаты- ат. Әлін білмеген -әлек.

Ілмектер: Өсиет, ақыл-кеңес, ұлағат