Өлең, жыр, ақындар

dunai88

  • Ұпайы: 0
  • Тіркелген уақыты: 25.03.2015 01:33
  • Соңғы кірген уақыты: 01.01.1970 06:00
  • Аты-жөні: Дунай Қасенов
  • Жынысы:
  • Пікірлері саны: 2

Жариялағандары

Мақал-мәтелдер Ұлағатты сөздер Әзіл, анекдоттар

Бір жігіт пен қыз қыдырып жүрсе керек. Бір кезде қыз:
- Мен тоңып қалдым, -депті. Жігіт костюмін шешіп береді.
Біраздан соң қыз:
- Тағы да тоңып барамын,-дейді. Жігіт дереу көйлегін шешіп береді. Тағы біраздан соң қыз:
- Білесің бе, бала кезімде өстіп тоңып қалсам, әкем құшағына алып жылытатын еді, -депті. Сонда жігіт:
- Енді түн жарымында мен саған әкеңді қайдан табамын, -деген екен.

Ілмектер: қыз, жігіт

Қоян ақша жинап мотоцикл алыпты. Мотоцикліне мініп алып көшеде келе жатса, аю тоқтатып қасына отырып алыпты. Бір уақытта қоян аюға:
- Аю көзіңді жұм, қазір анау камаздың астынан өтіп кетеміз, - депті. Аю көзін жұмады, қоян камазды айналып өтіп кетеді. Аю таңқалып, ертесіне мотоцикл сатып алып, бала-шағасын мінгізіп алып:
- Қане, балаларым, көздеріңді жұмыңдар, қазір анау келе жатқан камаздың астынан өтіп кетеміз, - депті. Біраздан соң қараса мотоциклі бір жақта, алты баласы алты жақта, әйелі бір жақта быт-шыт болып жатыр екен. Аю жыны келіп, қайсысың көзіңді ашқан! - депті

Ілмектер: аю, қоян

Бір күні жындыханада бір жынды өлем деп талға арқан байлап беліне байлаган екен. Сонда бір дәрігер келіп:
- Не істеп тұрсың? - депті. Әлгі жынды:
- Өлгім келед. - Дәрігер:
- Өлгің келсе арқанды белге емес мойныңа байласай. - Жынды:
- Байлап көрдім, ауа жетпей кетті. депті

Ілмектер: жындыхана, әзіл

Күнi бойы iшкен еркек түнде шөлдеп оянып, жанында жаткан әйелiне:
- Қатын, су әкелшi, ауызым кеуiп бара жатыр!
- У керек емес пе, атауыңды iшкiр? Мен бе екен ауызың арақ құйған? Жат ендi жыбырламай, ұйқы бермедiң ғой адамға!
Бiраздан кейiн күйеуi:
- Құлың болайын, алып келе қойшы, өлiп барам...
- Мен саған жат дедiм ғой, ендi қақылдай беретiн болсаң, оқтау алып келiп басыңды жарам!
- Оқтауға барып жатсаң, келерiңде су ала келшi депті ғой

Ілмектер: жұбайлар

Жаттығудан шыққан жігіт, қызымен көшеде серуендеп келе жатады. Ал олардың жанына Мерседес автокөлігі келіп тоқтайды. Сол сәтте қыз:
"Кешір жаным. Мен мына көліктегі жігітпен кетемін. Себебі ол - бай жігіт. Ал сен жай ғана спортшысың. Сау бол" - деп көлікке мінеді. Сонда көліктегі жігіт қызға былай дейді: "Кешірерсіз ханым. Мен бұл жерге сіз үшін тоқтаған жоқпын. Мен сіздің қасыңыздағы жігіттің "Көлік жүргізушісі" едім. Сол жігіт мінгесін мінерсіз, ал енді түсіңіз" деп түсіріп тастайды...

Ілмектер: Тәрбие, қыздар, байлық

- Кеше тойға барған едік. Той той болмады. Тым-тырыс өтті.
- Неге?
- Тойханада тегін Wi-Fi бар екен))

Ілмектер: той, уайфай

Бір күні құмырсқалар соғысқа кетіпті. Содан олар базаны охранять етуге яғни илеуді қорғауға бір құмырсқаны тастап кетіпті.Құмырсқалар соғыстан келсе әлгі охраник жылап отыр екен. Бәрі не болды десе база бұзылды, аю мыжып кетті депті.Құмырсқалар ызаланып: кегіңді қайтардың ба десе, әлгі охраник: "ия, аюдың апанының дәл алдына барып тышып кеттім" депті))

Ілмектер: құмырсқа, аю

Ас үйге анамның жанына барып, қатты құшақтап, бетінен сүйдім. Енді отырып, әңгіме айтайын деп жатсам, "Не болды, балам? Мегабайтың бітіп қалды ма?"- дейді. Ана жүрегі деген, шіркін, бәрін сезіп қояды ғой!))

Ілмектер: интернет, ана, сезім

Ешкімге сенуге болады

Ілмектер: сенім

Джон Рокфеллер жүз мың доллар табуды және жүз жасқа дейін өмір сүруді армандаған екен. Арманның барлығы орындала бермейді әрине, ол 192 млрд доллар тапты және 97 жасқа дейін өмір сүрді.

Ілмектер: миллиардер, арман

Шаштараз трейдердің шашын алып жатыр екен.
— Биржада жағдайларыңыз қалай?
— Бәрі ойдағыдай... 2-3 минуттан кейін тағы
— Биржада жағдайларыңыз қалай?
— Рахмет, барлығы ойдағыдай... тағы 2-3 минуттан кейін
— Биржада жағдайларыңыз?
— Жақсы дедім ғой, неге бір сұрақты қайталап сұрай бересіз?!
— Түсінесіз бе, сізден осы сұрақты сұраған сайын шашыңыз тікірейіп кетеді, қиюға ыңғайлы.

Ілмектер: шаштараз, әзіл

— Ағылшынның еврейден не айырмашылығы бар?
— Ағылшын қоштаспай кетіп қалады, ал еврей қоштасып алып кетпей тұрады.

Ілмектер: еврей анекдоттары, ағылшын

Бір еврей толық медициналық тексеруден өтіп дәрігерден нәтижесін білуге келіпті
— Тексеру нәтижесі сіздің жасыңызда жаман емес.
— Дәрігер, қалай ойлайсыз, мен сексен жасқа дейін өмір сүре аламын ба?
— Сіз ішімдік ішесіз бе? Шылым тартасыз ба?
— Жоқ, мен ешқашан ішкен де шеккен де емеспін.
— Сіз майлы ет-тағамдарды көп жейсіз бе?
— Жоқ.
— Мүмкін сіз күннің астында уақыт көп өткізетін шығарсыз, мысалы гольф, футбол ойнап?
— Жоқ, мен спорттық ойындарды көп ойнамаймын.
— Онда сіз құмар ойындар ойнайтын шығарсыз. Карта, казино?
— О не дегеніңіз, жоқ әрине!
— Онда сізге сексенге дейін өмір сүріп не керек?

Ілмектер: еврей анекдоттары, дәрігер