ulas2233

  • Ұпайы: 33
  • Тіркелген уақыты: 11.04.2025 15:40
  • Соңғы кірген уақыты: 13.03.2026 10:18
  • Аты-жөні: Көрсетілмеген
  • Жынысы:
  • Пікірлері саны: 0

Жариялағандары

Өлеңдер Ұлағатты сөздер

ulas2233 - ұлағатты сөздері

ulas2233 жариялаған ұлағатты, дана, нақыл сөздер мен ойлар осы бетте жинақталған.

Ешегі судан өткенше араласатын достан, өлсе өлігін көрсетпейтін ит жақсы

Ілмектер: дос Мәулітбек Ұлас
WhatsApp Telegram

Алланың разылығын емес, адамның разылығын іздеген сұмырай заманда,
сұмырай болып өмір сүрсең, өзге сұмырайлардан қай жерің артық?
Өтірікке малданып, шындықтын қашсаң,
Ар-ұятты саудаға салып, өзіңе пайда жинасаң,
Сен де солардың бірі емессің бе?

Ілмектер: сұм Мәулітбек Ұлас
WhatsApp Telegram

Қыран қаншалықты биікке көтерілсе, соншалықты төменге қонуы керек.

Ілмектер: нәтиже Мәулітбек Ұлас
WhatsApp Telegram

Мен ешқашан, ешкімді мені таңдауға мәжбүрлемеймін.
Егер сен басқа жақтан, жақсысын таба алатыныңа сенсең…
Олай болса, жолың ашық.

Мен сені ұстамаймын
Өмір тым қысқа,
Жаныңда қалуға бекінбеген жанға байлануға.
Мен еркіндікке сенемін.
Шынайы сезімдерге,
Егер сен қалуға тиіс болсаң,
онда солай болсын өйткені бұл жүрегіңнің айтқаны болды.
Мен саналы түрде жасалған таңдау болғым келеді.
Амалсыздан қабылданған таңдау емес.
Мен, өзімді қадірлей білген жанға лайықпын.
Мен оның өміріне әкелген құндылықтарымды түсінетін жанға лайықпын.
Маған менен қорыққаны үшін жанымда қалғаны қажет емес
жалғыздықтан немесе әдет болғаны үшін емес.
Маған жанымда қалатын жан керек
Менсіз өмірін елестете алмайтын.
Есік әрдайым ашық.Сен кез келген уақытта кете аласың
Сондықтан егер бақытымды басқа жақтан табамын деп ойласаң, Мен саған бөгет болмаймын.

Ілмектер: Ішкі ой Мәулітбек Ұлас
WhatsApp Telegram

шегіне беру емес, шегіне бару керек.

Ілмектер: мақсат Мәулітбек Ұлас
WhatsApp Telegram

Әрекетсіз махаббат —
жағалауға жетпеген толқындай:
күшпен ұмтылғанымен,
аяғында үнсіз шегініп кетеді…

Ілмектер: махаббат Мәулітбек Ұлас
WhatsApp Telegram

Кейде махаббат — бұл сөздер де, жұлдыздардың астында берілген анттар да емес.
Ол - екеуіңе жай ғана тыныштықта бірге болатын сәт. Ол - адам мәңгі бірге боламын деп уәде бермесе де, әр күні сені қайтадан таңдауы. Ол - арадағы үнсіздіктің өзге мыңдаған сөзден артық сөйлеуі.
Махаббат - мінсіз адамдар емес, шынайы адамдар. Өз қорқыныштарымен, ұрысып, қайта кешірісіп, шаршап жүрсе де, бәрібір қол ұстасып жүретін жандар.
Миллиардтаған жанның ішінде - сен менікісің. Әрдайым. Бірге болмасақ та.

Ілмектер: махаббат Мәулітбек Ұлас
WhatsApp Telegram

Мен негізі өтірікті көп айтпаймын, әйтсе де, болашақта балам “Әке, шынайы махаббат деген не?” дегенде, сол бір ару туралы емес, баламның анасы туралы айтып, өтірік сөйлейтін сияқтымын..

Ілмектер: шынайы махаббат Мәулітбек Ұлас
WhatsApp Telegram

Қимастық деген —
кетуге батпау емес,
қалуға себеп табылмаған сәт.

Ілмектер: қимастық Мәулітбек Ұлас
WhatsApp Telegram