Жалғыздығыма тиіспе!
Қол бармайтын әдеті ғой кей іске
Мендік ойлар қаңғырып жүр, күй іште
Қызықтырса қалауыңша сынай бер
Жалғыздығыма тиіспе!
Қол бармайтын әдеті ғой кей іске
Мендік ойлар қаңғырып жүр, күй іште
Қызықтырса қалауыңша сынай бер
Жалғыздығыма тиіспе!
Алдыңғы күн сағындым көздеріңді
Менен басқа байқап жүр өзге кімді?
Түрлі ойға шырмалып таңға дейін
Сағынышын жамылып көз де ілінді
Салқынынан ақпанның шыға алмай көктем
Естеліктер ендігі құралмайды өткен
Төлеген мен Жібектей сүйгің келеді
Қол ұстасып адамша жүре алмай кеткен
Сезімімді жүргенде қамап әрең
Тартып сіздің өзіне барады әлем
Таң қаламын ай, жылдап көрмесем де
Сізді күнде ұнатып қала берем
Мен бүгін тағы бір хат жаздым құдайға
Бұл қылығым білмеймін оған ұнай ма?!
Хат сыртына "аспан" дедім мекенін
Жететіндей мендегі мынау үн айға
Айтарлықтай қайдан болсын бізде сыр
Қызғаныш бар жанарыңды торласа
Бәрін өртеп жіберер ем бір сәтте
Өзім күйіп қалатыным болмаса
Алдын ала білер тағдыр ісін кім?
Жанарыңнан талай тамшы түсірдім
Сені мендей қинай алмас өзгелер
Мені сендей сүйе алмайды...
Өмірді мынау сүргісі келер бекер кім?
Жетерсің сен де межеге мен де жетермін
Жараспай мінез,келіспей пікір қалса да
Бауырым саған жақсылық тілеп кетермін
Жазда қысты,көктемде тағы күзді аңса
Күпірлігіңнен қайтесің жүрек сызданса?
Уақытқа құлмыз,уақытша жүрміз...жалғанда
Өмірді мынау сүреміз дейсің біз қанша?
Сана ояу, көңілдегі күй тұман
Зер саламын сүреңсіз мына сиқыма
Өткен-кеткен сәттегі ойға шырмалып
Ояу жатып, кетемін терең ұйқыға
Құйшы досым
Ішейік құлағанша...
Өткізсек те өмірдің соңғы кешін
Жалғанның жарты тасын көтере алмай
Ел болған шақта "бауырыңмын" дей сала
Жер болған шақта селдете ме кей сана?
Иығыңнан су кеткен сәтті көрмесе
Достықтың ондай қайтейін күйін "бейшара"
Айтарлықтай қайдан болсын бізде сыр
Қызғаныш бар жанарыңды торласа
Бәрін өртеп жіберер ем бір сәтте
Өзім күйіп қалатыным болмаса
Қадірлім...
Бағыма кеп бұйырғаны тәңірдің
Сен келместен алдын,ұкпай тынымсыз
Сырын білмей сенделуші ем сабырдың
Сіз-қызанақ, мен-қияр...егілдік жерге құнарсыз
Бейнемнің көріп бүдірін, ұялып күннен тұрарсыз
Бойымнан сарқып бар нəрін, құйдым кеп тамырыңызға
Біз емес ұялмаңызшы... қараңғы мынау түн арсыз
Құман аға,таудан биік тұлғам ау
Жалғанда бұл,уақытқа тəн сырғанау
Мұншалықты ауырлығын кім білген?
Мойын бұрып артымызға бір қарау
Сенбі таңы
Сəмбі талдың сиреген бір бұтағы
Жерге қарай ұмтылған жапырақтар
Уақытты да тым жылдам сырғытады
Көбейген сайын ақтардан қара
Көңілде кілең сақталған нала
Талғамыңды мен құрметтеп едім
Жаншылып барып,тапталғанда да
Қысып кеуде, ентігіп, тарылып дем
Бөтегесі бітеліп тары-үміттен
Сен қолыңнан ұшырып жібергелі
Көңіл құстың айтатын зары біткен
Енді мүлде айтылмайды "біз" деген
Қыс алдында бір күрсінді күзгі өлең
Арқама кеп отырмайсыз еркелеп
Құшақтаспай мен де жүрем сізбенен
Жауынсыз ақ қара ағаш биіктей ме
Жалынсыз да жүремін күйіп кейде
Тап бір маған өкпесі бар адамдай
Өтті алдымнан қабағын түйіп бейне
Қиналар деп ойлап пе едің кетсем егер?
Ойың таяз. Көрдің бе... қателестің
Сен лай су, шалшығыңмен шектесе бер
Лас жерде мекендейтін бақа емеспін
Көркіне күн таласпас көркемі елдің
Жақындасам күйермін,өртенермін
Шанағына жабысып домбырамның
Білмесең де шіркін ай шерте бердің
Дейсің ау...
Бір жадырап күлмейсің
Өзі қысқа жалғанда
Көңілді өмір сүрмейсің
Мың шақырым,тым алыс арамыз
Шыдауғада келмейді-ау шамамыз
Телефонмен көңіл жұбатсақта
Байқайсың ба...суып барамыз
Жетістікке қалғанда жарты қадам
Мұз жатады алдыңда жалтыраған
Төрт аяқтап жетсемде ей тағдырым
Өзімнің сыбағамды тартып алам
Күліп кет
Отырайын...көңілімде қалып кек
Келеріңде ала келген үмітті
Керек емес...алып кет
Ен далада ерке өскен құралайсың
Сүрінбейсің, жығылмайсың, құламайсың
Биіктігі соншалық болмысыңның
Халімді де білгің кеп сұрамайсың
Аллам әлі саған артық сый береді...
Ханшадай шалқып көңіл күймедегі
Мен оңбаған адаммын жек көріп кет
Жек көріп кет,ешқашан сүйме мені!
Жүргеніңмен бір сәттік қызық құрып
Нәпсіңнің бар есігін бұзып кіріп
Жалғандағы жасаған бар күнәңнің
Білмейсің ау санайтынын тізіп тұрып
Өткізіппін сенсіз тура мың күнді
Бәлкім жүрек болмайтынға ұмтылды
Бір кездері "тек сендікпін" деуші едің
Сүйіп жүріп,жек көруің бір түрлі
Қарадың да қаймықпай өткенге мың
Сыр бермедің сабырлым,кектенбедің
Ашуынан құстар да үрікпейтін
Таңдай ашық,көк жүзді көкпеңбегім
Қимайсың ау аядай ғана бөлмені
Сыртқа сүйреп әкеңді жатқан төрдегі
Мың сан күнде сыр бермес асқар тауыңның
Бір ақ күнде сынды емес пе шөлмегі
Пах-пух,тарс-тұрс жаңғырады айнала
Қарамастан кедейіңе,байға да
Маңдай термен,айлап тапқан ақшаңды
Бір ақ сәтте жібердің жарып жәй ғана
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі