Өлең, жыр, ақындар

Bain

  • Ұпайы: 5659
  • Тіркелген уақыты: 29.03.2015 22:13
  • Соңғы кірген уақыты: 14.03.2019 19:18
  • Аты-жөні:
  • Жынысы: Ер
  • Пікірлері саны: 64

Жариялағандары

Мақалалар Өлеңдер Мақал-мәтелдер Ұлағатты сөздер Әзіл, анекдоттар

Ашу бар жерде ақыл тұрмайды.
Ашу деген - ағын су,
Алдын ашсаң, арқырар.
Ақыл деген - дария,
Алдын тоссаң, тоқырар.
Кісі бірге туыспау керек,
Туысқан соң сөз қуыспау керек.
Сөз қуған пәлеге жолығады.
Жол қуған олжаға жолығады.

Ілмектер: ақыл, сөз, олжа, жол, ашу, су, дария, ағын су, Әйтеке би, әйтеке бидің шешендігі, туысқан, Әйтеке, би Әйтеке би

Ораздының кәрісі қартайғанда қазына болады,
Шиырлының кәрісі қартайғанда қазба болады.

Ілмектер: кәрі, қазына Әйтеке би

Бай болсаң, халыққа пайдаң тисін;
Батыр болсаң, дұшпанға найзаң тисін.
Бай болып пайдаң тимесе,
Батыр болып найзаң тимесе,
Жұрттан алабөтен үйің күйсін!

Ілмектер: бай, пайда, халық, найза Әйтеке би

Сарқылмайтын суат жоқ,
Тартылмайтын бұлақ жоқ.
Құйрығы суда тұрса да,
Уақтысы жеткенде,
Қурамайтын құрақ жоқ.
Дүние деген пәни бұл,
Баласы жоқта мият жоқ,
Бәрінен қиын сол екен,
Артыңда жанған шырақ жоқ...

Ілмектер: дүние, бұлақ, шырақ Әйтеке би

Ерекше талант иесі болуың мүмкін, алайда дайындалмасаң, жаттықпасаң бәрі желге кетеді

Ілмектер: талант, дайындық, жаттығу Майкл Джексон

Өтірік сөз спринтте, шындық марафонда жүгіреді.

Ілмектер: өтірік, сөз Майкл Джексон

Аз сөйлер де, көп тыңдар,
Хас асылдың баласы.

Ілмектер: сөйлеу, бала Махамбет Өтемісұлы

Өлім - хақтың пәрмені

Ілмектер: өлім Махамбет Өтемісұлы

Бизнес – үлкен құмарлықпен аз ғана ережеден тұратын, өте қызық ойын.

Ілмектер: бизнес, құмарлық, ереже, ойын Билл Гейтс

Барлық жарнамалар сөзсіз үлкен дербестендірілген жүйеге ауысады.

Ілмектер: жарнама Билл Гейтс

Cенің ең бақытсыз тұтынушың, бұл сенің ең маңызды өмірдегі сынағың.

Ілмектер: тұтынушы, өмір Билл Гейтс

Егер хат ерекше үлкейтіп жазылған болса, ол спам.

Ілмектер: хат, спам Билл Гейтс

Кез келген жерде, заң пайда болады

Ілмектер: заң Билл Гейтс

Даңққа бөлену дейсіз бе? Бұлай жасау менің қолымнан келсе жақсы. Жоқ, адам тек өлгеннен кейін ғана демалады.

Ілмектер: даңқ, адам, демалу, еңбек Ли Куан Ю

Ең мықты адам – қорқынышты жеңген адам.

Ілмектер: адам, қорқыныш, жеңу Нельсон Мандела

Егер тілім ертең болса құрымақ, Мен дайынмын өлуге де бүгін-ақ.

Ілмектер: тіл, құрбандық Расул Ғамзатов

Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар,
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар.
Алам десең, алыңдар.
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар,
Еркек тоқты құрбандық.
Атам десең атыңдар

Ілмектер: еркек, Қазақ, желтоқсан, тәуелсіздік Қайрат Рысқұлбеков

Есті кісі ерегіспейді,
Көпшіл адам бөлек ішпейді.

Ілмектер: адам, көпшілік, есті, Әдеп, әдептілік Кенен Әзірбаев

Егер бақытты өмір сүргіңіз келсе, адамдар мен нәрселерге емес, мақсатқа тәуелді болыңыз.

Ілмектер: бақыт, өмір, адам, мақсат Альберт Эйнштейн

Дін, өнер және ғылым - бір ағаштың бұтақтары.

Ілмектер: дін, өнер, ғылым Альберт Эйнштейн