Алғаш көрген кез әлі есте
Алғаш көрген кез әлі есте,
Кездесуден қаштың сен неше.
Жүрегімде бір сыр жатыр ашылмай,
Кезігем деп күттім тағы ендеше.
Қазақша өлеңдер жинағы, өлең шумақтары, әдемі өлең жолдары және толық өлең мәтіндері.
Алғаш көрген кез әлі есте,
Кездесуден қаштың сен неше.
Жүрегімде бір сыр жатыр ашылмай,
Кезігем деп күттім тағы ендеше.
Ғашықсың ба білмеймін, жүрек неге тынады,
Көзім сен деп оянып, сен деп қайта жылады.
Түннің қара жамылғысы жанымды үнсіз қаптады,
Сенің нәзік елесің үміт болып сығалады.
Көрген сәттен жүрек шіркін шым етті,
Желдің лебі жаныма бір гүл септі.
Қарашығың тұңғиық бір әлемдей,
Сол әлемге көзім мәңгі үңілді.
Мен сені сүйдім, білесің бе?
Жанымның отын сезесің бе?
Жалғанға жаның алданбайтынын,
Сезімім шын ғой — сезесің бе?
Көрдім бүгін басқамен - көзің жайнап,
Мен тұрдым үнсіз ғана өзім қайнап.
Бір кездері маған ғана бұйырған нұр
Бөтен жанның жанарында кетті ойнап.
Бұл бөлімде қазақша өлеңдер, өлең шумақтары, әдемі өлең жолдары, мағыналы өлеңдер және толық өлең мәтіндері жинақталған.
Өлең шумақтары, қысқа өлеңдер, әсерлі өлең жолдары және жаттауға ыңғайлы шығармаларды осы бөлімнен таба аласыз.
Қысқа өлең іздейтіндер үшін 1 шумақ өлең, 2 шумақ өлең, 3 шумақ өлең форматындағы шығармалар да ұсынылған.
- Төлепбек Жантай
- Есбол Бозан
- Виктор Франкл
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі