Эссе және өлең-жыр байқауы

«WorldSkills Kazakhstan 2019» чемпионаты өтіп жатыр

Бүгін «WorldSkills Kazakhstan 2019» - V республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты басталды. Оған еліміздің 17 аймағынан 22 жасқа дейінгі 400-ден астам маман қатысуда.

«WorldSkills Kazakhstan 2019» – V Республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты жас кадрларды экономиканың өндірістік секторына тартуға және елдегі техникалық және кәсіптік білімді дамытуға ықпал етеді.

Чемпионатқа қатысушылар алдағы екі күнде WorldSkills-тің 38 мамандығы бойынша сайысқа түседі. Байқауға қатысушылардың жұмысын 500-ге жуық сарапшы бағалайды.

Айта кетейік, шараның ашылу салтанатында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов байқау қатысушыларына сәттілік тілеп, аталған чемпионаттың ел экономикасы үшін маңызы зор екендігін атап өтті.

«Бұл - шын мәнінде еліміз үшін, республикамыз үшін өте маңызды іс-шара. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев білім саласына өте үлкен көңіл бөледі. Мемлекет басшысының қабылдауында техникалық және кәсіптік білім саласын дамыту бойынша нақты тапсырмалар берді. Соның ішінде WorldSkills қозғалысын дамыту мәселесін де көтерді. WorldSkills мамандығын білім бағдарламаларына енгізу мәселесі - біздің алдымызда тұрған басты мақсат», - деді министр.

Чемпионаттың конкурстық бөлігі 12-14 қараша аралығында Нұр-Сұлтан қаласындағы Тәуелсіздік сарайында өтеді. Жастарды кәсіби бағдарлау мақсатында Чемпионатқа мектеп оқушылары, колледж және жоғары оқу орындарының студенттері, мемлекеттік органдар өкілдері, шетелдік және қазақстандық әріптестер, кәсіпорындар қызметкерлері мен еліміздің барлық аймақтарының кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының педагогтері,сондай-ақ, басқа да мүдделі тараптар қатысады.

WorldSkills-тің экономикамызға маңыздылығын ескере отырып, Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Мамин осы қозғалысты басқару туралы шешім қабылдаған болатын.

Аталған чемпионат білікті кадрларды даярлауға жаңа идеялар мен трендтер жасауға, кәсіби білім сапасын арттыруға мүмкіндік береді және кәсіби шеберлік дағдыларын жетілдіру орталығына айналады.

Чемпионат мынадай мамандықтар бойынша мықтыларды анықтайды: «Кірпіш қалау», «Плиткамен қаптау», «Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары», «Сырлау және сәндік жұмыстары», «Сантехника және жылыту», «Электромонтаж жұмыстары», «Ағаш ісі», «Дәнекерлеу технологиясы», «Электроника», «Сандық бағдарламалық басқару бар станоктар токарлық жұмыстары», «Көрнекі мерчендайзинг и витринистика», «Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету», «Кузов жөндеу», «Прототиптеу», «Шатыр жұмыстары», «Мехатроника», «Зертханалық және химиялық сараптау», «Веб дизайн және әзірлеу», «Графикалық дизайн», «Желілік және жүйелік басқару», «CAD инженерлік графикасы», «Бизнеске арналған IT шешімдер», «Ұялы робототехника», «Ақпараттық-кабельдік желілер», «Интернет заттар», «Өндірістік автоматика», «Ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқару», «Мейрамханалық қызмет көрсету», «Кондитерлік ісі», «Аспаз ісі», «Наубайхана ісі», «Қонақ үйді басқару», «Медициналық және әлеуметтік күтім», «Шаштараз өнері», «Сән технологиясы», «Мектепке дейінгі оқыту», «Бастауыш сыныптарда оқыту», «Флористика».


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Басқа сайттағы жаңалықтар:

Жүктелуде...