Өлең, жыр, ақындар

Зорлық-зомбылықсыз әлем

Зорлық-зомбылық неден туады?Зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін не істеп жатырмыз және не істеуіміз керек?

Біз тұғыры биік,төрт керегесі тең,егеменді елміз,қылығы таза қыз бен арғымаққа мінер ұл өсірген халықпыз.Ал,Тәуелсіз елде зорлық-зомбылыққа жол жоқ!Қоғамда болып жатқан дүниелердің барлығы дерлік отбасынан бастау алады.Сондықтан қоғамды тазарту үшін ең алдымен отбасындағы тәрбиелеу жұмыстары мен сауаттылықты дұрыстауымыз қажет.Қоғамның үлкен бір кеселіне айналған отбасындағы зорgлық-зомбылық,мектеп қабырғасындағы күш көрсетулер,жұмыскерлер арасындағы мардымсыз талаптар.Тек келіспеушілік салдарынан туған зорлық-зомбылық қана емес,барша адамның жауына айналған ішімдік секілді зиянды нәрселердің салдарынан қарапайым жанұядағы балалардың ата-анасынан зардап шегуі,көше кезіп,дала түнеуі.Өмір дейтін табалдырықты аттаған балалардың зардап шегуімен қатар,өмір есігін жаңа ашқан перзенттердің далада тасталуына не дерсіз?  

Бұл да қоғам дерті.Ал,дала баласы болып өскен,өз анасының ақ сүтімен дарыған ақылы мен әкесінің қаталдығын көрмей өскен баладан біз зорлық-зомбылықты күтпейміз деп айта аламыз ба?Жоқ,ананың бесік жыры,отбасында сақталатын ережелер,тәрбие мен туыс арасындағы салт-дәстүр әрбір жанның мінез-құлқын қалыптастыратын бірден-бір құрал,жүрегінен өшпес таңба.Қоғам дертінің етек алуы отбасынан бастау алады.

Қазіргі таңда зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары іске асырылуда.Ұлт жоспары-бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі "100 нақты қадам" бағдарламасын,соның ішінде құқық бұзушылық пен зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында Бас прокуротурамен "Отбасында зорлық-зомбылықсыз Қазақстан" жоспары қолға алынып,біртіндеп қызмет жұмыстары атқарылуда.Сонымен қатар,2018жылдың 10-20 қарашасында республика аймақтарында Дүниежүзілік балалар күніне арналған республикалық онкүндік аясында "Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" ақпараттық науқаны басталды.Бұл іс-шаралардың мақсаты отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқық  бұзушылықты төмендету,тұрғындар арасында болып жатқан күш көрсетудің алдын алу.

"Тәрбиесіздік-ол адамзаттың қас жауы,тәрбиесіз берілген білім келешекте адам өміріне апат әкеледі"деген болатын ұлы бабамыз Әбу насыр әл Фараби.Сол себепті тәрбиені түзегеніміз-қоғамға дерт емес,абырой алып келер азамат пен азаматша өсіргеніміз.Зорлық-зомбылықтың санын емес,зорлық-зомбылықты жою қамын қарастыруымыз қажет.Сонда ғана,зорлық-зомбылықтың қоршауынан шығамыз.Қысымсыз өскен өскелең ұрпақ -біздің жарқын болашағымыздың кепілі!


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз