Бұл күйдің аңызы «Кербез қыз» күйінің бірінші аңызына жалғаса айтылады.
Ол аңыз бойынша, қыз қылығы мен ақыл-парасатына риза болған жігіт «өзіңе бір белгі болсын» деп «Кербез қыз» күйін тартады ғой. Сөйтсе, кербез қыз өзінің ақыл-парасаты мен көз тартар көркіне қоса дәулескер күйші де екен дейді. Сол жерде өнерпаз жігіттің ықыласын аяқсыз қалдырғысы келмеген қыз: «Ықыласыңа дән ризамын. Халқымыз «Сыйға — сый, сыраға — бал» деуші еді ғой. Менен де бір белгі болсын, «Кербез қыз» күйінің жауабы», — деп, «Сал жігіт» күйін тартқан екен.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі