Ұлы жүзде Тайлақ деген кісі өтіпті. Тайлақ батыр асқан сыбызғышы адам болыпты. Тайлақ батыр «Айрауықтың ащы күйін» өзінің Шекер мен Барақ дейтін екі ұлына арнап шығарған деседі.
Тайлақ батыр сексенге келіп әбден қартайған кезінде жылқысын жау шауып кетеді. Шекер мен Барақ атты екі баласы қарт әкесін үйде қалдырып, жау соңынан қуады. Сол жолда Шекерге оқ тиіп, қаза табады. Барақ жылқыдан айрылып, жаралы қайтқанда үй сыртында төбеде отырып, күні бұрын осы оқиғаны, жаны сезіп, күңіреніп тартқан күйі екен. Бұл күйді жиналған елі-жұртына тарту арқылы үйде отырған келініне естіртеді. Сонда үйде отырған келіні: «Әкем тартар күй емес, өзім естір күй емес, сақта Құдай, сақтай гөр!» — деп үйден шыға алмай отырып қалады деп аңыз қылады.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі