Ел ішінде әйгілі бір күйшінің жүйрік күрең аты бәйгенің алдын бермейтін көрінеді. Қазақ-қырғыз бас қосқан үлкен аста бүкіл сыншылар барлық тұлпарды сыннан өткізе келіп, күрең аттың қасына тоқтайды:
— Қамыс құлақ, қой жұтқыншақ, үңгір сағақ, қуыс қолтық, құлан жал, бәйгені өзге алмас, сен аларсың, күрең сал, — деп бағалапты.
Бірақ ат күзетушінің көзін ала бере қаскөй біреу күрең аттың табанына шеге қағып жібереді. Күйші шегені суырып тастап, бәрібір бәйгеге қосады. Топ ішінен ақсаңдай басып шыққан күрең атқа қарап жұрт:
— Әй, ақсақ атты бәйгеге қосқан қай ақымақ! — деп шулайды. Күйші ерегескенде үндемейді. Денесі қыза келе аяғының ауырғанын ұмытқан күрең сәйгүліктердің бірінен соң бірінен озып, ақыры бірінші болып келеді.
Бірақ мәреге жеткен соң-ақ, аяғын баса алмай, сал болып, жүруден қалады. Күйшінің күреңнің сау күнін армандап, сал күреңнің жүрісін салып тартқаны екен...
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі