Өлең, жыр, ақындар

Қорамжан күйі (ІІ нұсқа)

Қорамжан бір кемпірдің жалғыз баласы екен. Қорамжанның «Тепеңкөк» деген жүйрік аты бар екен. Қорамжан алыстағы бір елден қыз айттырып, соған ұрын барып, қалыңдық ойнап жатады. Түнде сол Қорамжан жатқан ауылдың жылқысына жау тиіп, аттандаған айғай естіледі. Қорамжан да аттанды естіп орнынан тұрмақ болғанда, қасындағы қалыңдығы «шаппа, қума» деп қолқа қылады. Қорамжан болмай қаруын алып, Тепеңкөкке мініп, айғай шыққан жаққа қарай жөнейді. Алдыңғы қуғыншыларды қуып жетеді. Бірақ ұзап кеткен жау қарасы көрінбейді. Тепеңкөк бүйірі қызбай, еті терлемей жақсы шаппайды екен. Қорамжан атымның бүйірі қызып тез шапсын, жауға тез жетейін деп екі қап құм теңдеп алып, жауды қуып кетеді. Тепеңкөк терлей бастағанда, қаптағы құмды төге бастайды. Сөйтіп, бүйірі қызған Тепеңкөкпен құйындатып, ұзап кеткен жауға Қорамжан сәтте жетіп келеді. Оны көрген жау батыры жарда бұғып отырып Қорамжанды атып түсіреді. Қорамжан оққа ұшып өледі. Осыны күйшілер «Қорамжанның шешесінің жоқтауы», жас оң жақта қалған «қалыңдығының жоқтауы», «Тепеңкөктің шабысы» деп, домбыраға тартады.
Мұны «Қорамжан күйі» дейді.

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз