Эссе және өлең-жыр байқауы

Абай Құнанбаев және қазіргі Қазақстан

Қазақстан - әлем елдеріне тәуелсіз және дербес мемлекет болып бірнеше жылдай танылып, әр жыл сайын біз жаңа деңгейге шыға отырып жаңа биіктіктерге қол жеткізудеміз. Бұл, тіпті, ешкімге жаңалық емес. Мысалға, 1991 жылы 16 желтоқсанда өз тілімізді, дінімізді, салт-дәстүрлерді қабылдап жеке мемелекет ретінде қалыптастық. Бұл XX ғасырда болған  ең маңызды оқиға болды. Сондықтан осы кезеңді барша ақындар мен жазушылар өздерінің өлең-жырларында бейнелеген. Бірақ соның ішінде Абай Құнанбайұлы ерекше орынға ие. Алайда, оның өлеңдері ерте заманға сай жазылған. Ал енді уақыт өзгерді, оған сай заман да өзгерді. Соған қарай отырып оның өлеңдері  қазіргі Қазақстанға өзектіме, әлде жоқ па?

Біріншіден, Абай Құнанбайұлы кім екеніне тоқталып кетейік. Бірақ, бұл адамды  танымайтын қазақ жоқ десек те болады. Абай, шын есімі Ибраһим, Құнанбайұлы -ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер.Тек осы сипаттамаға ғана қарай отырып бұл адамның халыққа қанша қызмет еткенің көруге болады. Оның өленің оқи отырып қазақ даласының  табиғатын, халықтың тұрмыстық жағдайын, ұлттық салт-дәстүрлерін сезініп, жақсы көруге болады. Абай Құнанбаевтың өлеңдерінің ерекшелігі бұл шындық, ащы шындық. Ақын негізі ауқатты отбасыдан шыққан бай адам. Бірақ ол өзінің өмірін кедей мен бай адамдар арасындағы теңсіздікті бұзу үшін арнаған, халық ішіндегі адамдардың жаман қасиеттерін сипаттап жақсы қасиеттермен өтеу керектігін түсіндірген. Ақылдылық, еңбек, адамгершілік пен білімділікке аса көп мән берген. Оны Абай атамыздың мына сөздерінен айқын байқауға болады "Нағыз адамды білімділік, ақылдылық, біліктілік, ғылымсүйгіштік қасиеттер анықтайды".Абай Құнанбаевтың негізгі шығармашылығының бағыты мен негізгі ойын шамалы болсада түсінсек, қазіргі өмірмен байланыстырайық. Негізінде, Қазақстан  жастары үшін оқуға барлық жағдай жасалған және жастар оны тиімді пайдаланып, қалаған мақсаттарына жетіп отыр.Бірақ, көбісі мақсатына барар жолда ең негізгі затты ұмытады. Бұл ішкі құндылықтар, адам бойындағы ең қымбат байлығы, ішкі жан-дүниесі. Ал Абай атамыздың өлеңдеріндегі негізгі тақырыбы дәл осы, яғни адам құндылықтары туралы. Мысалы,"Ғылым таппай мақтанба  " өлеңінде ақын адам адам болу үшін  негізгі қандай қасиеттер керек екендігін түсіндірген. Ол мына жолдарында айқын көрінеді:

Адам болам десеңіз.                                                                                                                            

Тілеуің, өмірің алдыңда,                                                                                                         

Оған қайғы жесеңіз.                                                                                                                                  

Өсек, өтірік, мақтаншақ,                                                                                                                    

Еріншек, бекер мал шашпақ -                                                                                                               

Бес дұшпаның, білсеңіз.                                                                                                                      

Талап, еңбек, терең ой,                                                                                                                   

Қанағат, рақым, ойлап қой -                                                                                                                     

Бес асыл іс, көнсеңіз. 

Қорытындылай келе, Қазақстан Абай Құнанбайұлы заманынан әлдеқайда өзгерді, дамыды, биіктерге жетті. Бірақ, Абай ата қазақтың тарихы мен әдебиетінде ұмытылмастай орын алды. Ол әлі де ұмытылмайды. Бұрынғы жылдары айтылған сөздері қазіргі кезде де өзекті болып, өз мәнін жоғалтпады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Қарап көріңіз

Жүктелуде...

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз