Бір байдың өріс тола жылқысын жау айдап кетеді. Жаудың шапқыншылары қалың жылқыны қораға айдап келгенде байдың көзі ең алдымен қамыс құлақ кер атқа түседі. Бай жал құйрығы сүзілген, басқа жылқылардан зор кер атты ұстатады да, шідерлеп бөлек баққызады. Күндердің күнінде кер аттың аяғындағы шідердің бір тиегі ағытылып кетеді де, кер ат өресімен қалады. Өрелі кер ат қалың жылқы үйіріне келеді де, жылқыларды бастап еліне жетеді. Жау қолында кеткен қалың жылқысын неше рет шапқыншы жіберіп ала алмаған бай кер атқа риза болады да, ел ішіндегі күйшілерді жиып кер ат туралы күй шығаруды тапсырады. Күйшілер күй атын «Өрелі кер» деп қояды да, жаңа күй шығарады.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі