Райымбек батыр бала кезінен аң аулауға, саят құруға әуес болып өскен кісі екен. Күзде және қыс күндері ауық-ауық Іле өзенінің бойындағы тоғайды аралап, аң мен құс аулайды. Сондай саят құрып жүрген кездерінде кейде шөбі қалың тоғай ішін қыстап қалған абыз атасы Әлмеректің ауылына әдейілеп барып түсіп сәлем береді. Ұзақ әңгімелесіп, насихатын тыңдайды.
Бірде сондай әңгіме үстінде Райымбек батыр көкейінен орын таппай, ойына сіңбей жүрген кейбір жайлардың мән-жайын абыз атадан сұрап дүние сырына қанады. Көңілінде жүрген түйткілдерге анық ұғым табады.
Тағы бірде дүниенің қатпарларын ашып, ұзақ әңгіме айтқан атасын тапжылмай тыңдап отырған Райымбек:
— Абыз ата, айтыңызшы, дүниедегі ең қымбат не нәрсе? — деп сұрайды.
Абыз үнсіз ойланып отырып қалады да, біраз ойға шомады. Содан кейін барып, көкейіне түйгенін айтады:
— Адам баласы тек жақсылықтардың ғана бола беруін тілейді. Ал сол игілік те, жақсылық та Алла Тағаланың рақымымен, шарапатымен пайда болады. Ол үшін өзің қайырымды істер жасауың керек. Сонда адамдар Алланың мейірінен төгілген шапағат нұрына бөленеді. Алланың әмірі, ананың ақ сүті, адамдар бір-біріне мейірімді болуы — ең қасиетті ізгіліктер саналады. Осылар ғана адамдығынды танытады.
Әлмерек абыздың өсиетін тыңдаған ел тіршілік әрекеттеріне де ықыласпен құлшынады.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі