Өлең, жыр, ақындар

Барымта

Қажыекеңе сәлем бергелі Смайыл және Жамал деген қайындары үйіне келеді. Екеуі жайғасып отырған соң, шаруа жайында әңгіме қозғайды.

— Балуан-ау, ет жегіміз келді ғой, қыс болса қысып тұр. Бір соғым қарастырсайшы, — деп қолқа салады.

— Мақұл, жігіттер, онда мен Қаратөбеге барып қайтайын. Ал екеуің ертең осында келіңдер. Мен де кешікпей оралармын, — деп Қажымұқан орнынан көтеріліпті.

— Е, бәсе, сөйтсейші, — деп әлгі екеуі балуанның атын әбзелдеп, ауылдан аттандырып салады.

Ал Қажекең Қаратөбеде өз шаруасымен болып, ертеңіне кешке қарай ауылға келді. Оның ауылға келгенін естіген Смайыл мен Жамал асыға жетеді.

— Балуан-ау, ат-көлік аман келдіңіз бе? Шаруа жайы не болды?

— Жігіттер бордақы табылды. Тәуір еті бар бір қара сиыр екен. Аяғы ақсақ, бірақ ауылға зорға жетті. Енді пышақтарың- ды қайрап, таңертең келе қойыңдар, — дейді Қажекең.

Ертеңіне күн шықпай екеуі тағы келеді.

— Бордақыны ертерек жайғап, осында қуырдаққа бір тоялық, — деп жалаңдап тұрған Смайыл мен Жамалға Қажымұқан қисайып жатып:

— Сендерге әкелген бордақы, әне, — деп әйелі Мінайды көрсетеді. Ол кезде Мінайдың аяғы ақсап жүрген кезі екен. Қа- пыда қармаққа түскенін білген қайындары сандарын бір-ақ соғыпты.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз