Өлең, жыр, ақындар

Жастың қуаты - білім білегінде

«2019 жыл- Жастар жылы» деп елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың әл -ауқатының өсуі табысымен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауында жариялаған болатын.

Жалпы жас келсе іске дейтін дана қазақ жастардың мүмкіндіктерін бағалай білген. «Он үш жаста отау иесі» деп жастарға үлкен үміт артқан.  Қазақ жазушысы Ілияс  Жансүгіров «Жас мұраты білім, тәлім -талабы, өнер оқу- жастықтың қару жарағы» деп жырлағандай , жастардың талапты, білімді, негізгі мақсаты оқу екендігін анық айтқан. Жастарға үлкен сенім артып «Болашақ» бағдарламасы, «Дипломмен ауылға» «Жүз жаңа есім» сияқты түрлі жобалар ,бағдарламалар жастарды қолдау мақсатында жүзеге асырылып жатыр. 

Бізге ,яғни жастарға үлкен сенім арттып , болашақ біздің қолымызда болғандықтан әрбір жас жауапкершілікті сезінсе екен. Себебі ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынұлы ұлағатты сөзінде «жастардың оқу - тәрбие жұмысы  түзелмей, жұрт ісі түзелмейді»деген. Яғни, жастар ел болашағы , тәлім -тәрбие алу ғана емес , соны дәріптеу өскелең ұрпаққа жеткізу  қажет. Балаларды оқуға шықырған, білімді азамат болуларын қалаған  Ыбырай Алтынсарин «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың  қас жауы»деген. Ең бірінші жас ұрпақты тәрбиелеуде білімді болу керек. Сапалы білім- саналы ұрпақ кепілі, тәрбиенің негізгі бастауы ол білім. Білімсіз істің реті болмайды. Болашағымыз жарқын болу үшін жастар талмай еңбек етуіміз қажет. Әрбір жас елдің тірегі, елдің , жердің дамуына үлес қосу тиіс деп санаймын. Заман талабына сай құзырлы болу үшін үш тілді еркін меңгеру, инновациялық технологияларды қолдана білу, бәсекеге сай зайырлы қоғамда өз ойын ашық жеткізе алатын, өмірге деген көзқарасы айқын , жетістіктерге қолжеткізе алатындай еркін өмір сүруі керек. Өзге елге еліктемей, өз елінің тарихын, шежіресін құрметтеп, дәстүрін сыйлап, насихаттауы қажет. 

Қорыта айтқанда, білімді ұрпақ әрқашан талапшыл келеді. Үнемі іздену, оқу, байқап көру, қателіктен сабақ алу және жақсы тәрбие көрсету, ел болашағын ойлау негізгі міндеті болуы қажет деп санаймын . « Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген дана халқымыз. Және сөз соңында жастар жылына, жалынды жастарға арналған өлең шумақтармен аяқтағанды жөн санадым  ...

Мен жаспын бойында күш пен намысы бар,

Мен жаспын адалдық пен шындыққа   жаны құмар,

Тарихта қалған кешегі боздақпын мен,

Әділдік үшін елім деп жанын қияр.

 

Мен жаспын арыстандай айбатым бар

Мен жаспын жолбарыстай қайратым бар

Мағжандай ұлы тұлға сеніп кеткен,

Мен жаспын көзімде от, сөзімде жалыным бар.

 

Мен жаспын білімді келемін бойға  жиып,

Мен жаспын ойы ұшқыр, ісі жүйрік

Мен жаспын болашақпын келер күннің

Қадамы анық,  мақсаты айқын, арманы биік.

 

Физика пәні мұғалімі : Салхынова Ж.А


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз