Британдық граффити-суретші, саяси белсенді, режиссер, әлемдегі ең танымал және жұмбағы мол көше суретшісі. Әр түрлі қоғамдық орындарда — Лондон, Брайтон, Бристольдегі ғимарат қабырғаларында және Израиль мен Палестинаны бөліп тұрған Иордан өзенінің Батыс жағасындағы тосқауылдарда пайда болған трафареттік граффитидің ерекше «партизандық» стилінің арқасында бүкіл әлемге танымал болды. Алайда, әлемдік танымалдылығына қарамастан, Банкси өзінің айналасында құпиялық пен жасырындықты сақтай алды. Оның өмірбаяны мен шын аты туралы пікірталастар да аз емес. Ең көп таралған нұсқаларға сәйкес, оның шын есімі — Роберт немесе Робин Бэнкс деп көрсетілген.
Бэнксидің эпатажды шығармашылығын көбірек «контрмәдениетке» жатқызуға болғанымен, оның жұмыстары әлемдегі ең сәнді және беделді галереяларға шығарылып қойылды. Оның туындыларын жинаушылардың қатарында Брэд Пит, Анжелина Джоли және Кристина Агилера сынды көптеген танымал тұлғалар бар. Бұл адам жайлы қандай да бір ақпаратты табу өте қиын, сол себепті фотосуреттердегі қолтаңбаның өзі тікелей автордан болмауы мүмкін.
2006 жылы Лос-Анджелесте өткен көрмесінде Анджелина Джоли суретшінің үш туындысын 400 мың долларға сатып алды. Сондай-ақ, Джоли алған суреттердің ішінде құны 226 мың доллар тұратын «Көкке шығу» картинасы болды.
Жазба: «Мен бұл әйелден құнды сабақ алдым: теріні күн сайын ылғалдандыру керек».
Бұл сурет 2008 жылдың мамыр айында Лондондағы Лик Стрит көшесінде пайда болды. 2008 жылдың тамызына қарай граффити бояп тасталды. Жануарлардың суреттері Франциядағы Ласка немесе испандық Альтамира үңгірлеріндегі алғашқы адамдардың тасқа қашап салған суреттеріне қатты ұқсайтынына назар аударыңыз.
Бристоль қаласының орталығында орналасықан Tекла ойын-сауық кемесінің ватерсызығында орналасқан стенсилс суреті. «Ұлы сасықтық (The Great Stink)» кезіндегі обаны бейнелеген 19 ғасырдағы әйгілі гравюраларға негізделген Өлім бейнесі.
Граффити Лондонның орталығында орналасқан. Бір топ адам Корольдік поштасын қабырғалардың бірін қалпына келтіруді талап ететін хаттармен толтырып тастайды. Бірнеше реттік өтініштерден кейін нендей мәселе орын алғанын білу үшін құрылыс сатыларын орнатуға шешім қабылданды. Алты күн өткен соң, құрылыс сатылары алынып тасталған кезде, қасбетте графити бой көрсетіп тұрды. Алыстан көзге түсіп, көпшіліктің назарын өзіне аударып тұрды. Бэнксидің жұмысы екені ешкімнің ойына кіріп те шықпады. 2009 жылы наурызда жергілікті билік оны жұртшылықтың наразылықтарына қарамастан бояп тастауды тапсырды. CCTV — бұл қауіпсіздік камерасы, ал «One nation under…» («Бір ұлт ... астында») деген тіркес әйгілі «One nation under…» — «Құдайдың астындағы ұлт» деген фразаға сілтеме болып табылады — Америка жалауына адалдық таныту антының үзіндісі.
Қала көшелеріндегі Бэкнсидің тағы бір жұмысы
Граффити өрт шыққан ғимаратқа салынған.
Көше белгілерінің сары сызығы Лондон үйлерінің қасбетінің бірінде үлкен гүлге айналады. Жанында суретшінің автопортреті орналасқан.
Цистернадағы жазба: «Пілге ұқсайтын сияқты»
«Қабырға» жобасы адамзат тіршілігін жоққа шығаруын басып көрсетіп тұрған виртуалды шындықты қамтиды — қолдарына шелек пен күрек ұстаған қос бала үйме тастың үстінде ойнауға мәжбүр, ал қабырғаның арғы жағы...
Тербелмелі орындықта отырған қарт, Американың оны құтқаруын күтуде.
Жазба: Бір төлтума ой мың дәйексөзге тұрарлық.
Жазба: «Себебі мен пайдасызбын».
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі