Өлең, жыр, ақындар

Мезгілдік қиналыс

Жылдың мезгіліне қарай адамның өз­-өзін сезінуі әр­түрлі болады. Қара күз не қыс кезінде талай адам бо­жырай бастайды. Бұл — адамды күн сәулесі жарыт­пайтын мезгіл. Көңіл күйіңіз нашарлайды, күшіңіз әл­сірейді, маужырай бересіз, тәттіге не крахмалы мол тамаққа ұмтыласыз,  салмағыңыз да ауырлай түсе­ді. Мұның бәрі ми шығаратын гормон — мелатонин деңгейіне байланысты. Жарықтың жетіспеуінің бір салдары осы. Басқа біреулердің гипотезасы — ми шы­ғаратын, көңіл күйін реттеуге қатысатын сератонин­ге байланысты.

Оқуға кеңес береміз:

Мелатонин деген не?

Түнгі ұйқыға не жетсін

— Баспанаңызға, әсіресе өзіңіз көбірек болатын бөл­меңізге табиғи жарықтың молырақ түсуі үшін бәрін де істеңіз. Шымылдықты, пердені,  жалюзиді мейлінше ашып қойыңыз. Ағаш бұтақтары терезеңізді жауып тұрса, оларды кесіп тастаңыз.

— Күнді бұлт баспайтын күндері далада қыдырыңыз. Қыс кезінде күн жарығы жаздағыдай емес, дегенмен ол жарық бөлмедегі жарықтан әлдеқайда күшті.

Оқуға кеңес береміз: 

D дәруменінің тапшылығы: білу керек белгілер

—  Ең ұзақ демалысыңызды қыс айларына жоспар­лаңыз да мүмкіндігінше күн сәулесі жылыта алатын жерде өткізіңіз.

— Тән жаттығулары божуды айтарлықтай әлсірете­тінін ғылыми зерттеулер әлдеқашан дәлелдеген. Бір­ақ қыс кезінде спортпен айналысу да оп­оң-ай емес. Де­генмен деніңізді сауықтыратын клубқа жазылыңыз.

— Спорттың қысқы түрімен айналысыңыз. Егер сол спорт ұнаса, күн суық болса да сіз далаға ұмтыласыз. Конькимен немесе шаңғымен  сырғанап көріңіз. Күн бұлыңғыр болса да, аспан астындағы табиғи жарық әлдеқайда мол болады.

Оқуға кеңес береміз:

Спортпен айналысу күйзелістен арылуға қалай көмектеседі?

— Шайқурай (зверобой) деген шөп бар. Содан жасал­ған саумалдың 40—60 тамшысын бір ыстақан суық суға тамызып, күніне үш рет ішіңіз. Соңғы 20 жылғы зерт­теулер шайқурайдың бір заты көңіл күйді көтеретін се­ротонинді мидың көбірек шығаруына көмектеседі дейді. Бірақ шайқурайдің бір олқылығы — ол терінің күн сәулесіне шыдамдылығын кемітеді. Демек шайқұрай саумалын пайдаланатын адамның күн көзіне көбірек қыдырарда теріні күн сәулесінен қорғайтын крем жаққаны жөн.

Оқуға кеңес береміз:

Өзіңді шын мәнінде бақытты сезінудің 8 ғылыми жолы

— Күн сайын поливитаминдер мен минерал қосым­шаларды жұтыңыз. Тек оларда В6 витамині, тиамин және фолий қышқылы болсын. В тобындағы осы ви­таминдер көңіл күйін жақсартуға көмектесетінін ғылыми зерттеулер көрсеткен.

—  Пирожный, кәмпит, тағы басқа тәттіні ауызға тыға бермеңіз. Шақпақ қант аз уақытқа күш береді, бірақ оның дәмі ауыздан кеткен бойда, көңіл күйіңіз де нашарлайды. Белогы мол тамақ ішіңіз. Азанғы ас ретінде жұмыртқаның ағынан жасалған омлет, түскі асқа тауықтың пісірілген (қуырылған емес) төс етін жеңіз.

—  Жоғарыдағыдай жағдайлардағы секеміңізді үй ішіне, достарыңызға айтып, олардың қолдауын кү­туге де болады. Егер оларға сіздің қараңғы күндері қатты қиналатыныңызды білсе, олардың сіз үшін көңілдендіретін басқа бір амалдар ойлап табуы әбден ықтимал.

— Алкогол­дан бас тартыңыз. Ішімдік аз уақытқа көңліңізді жайландырып, секеміңізден арылтады. Бірақ алка­гольдің депрессант екенін, оның мас қылатын әреке­ті аяқталғанда, көңіл-күйіңіз күрт төмендейтінін ұмытпаңыз.

— Айтылғандарды істеп, бірақ жөнді нәтиже шықпаса, жарықпен емделу жайында дәрігермен ақылдасыңыз. Ондай шамдар үй шамы­нан 10—20 есе жарық болады. Әрбір сеанс жар­ты сағатқа, одан да көп уақытқа созылуы мүмкін. Оның ықпалымен мелатониннің де, сератониннің де мөлшері көбейеді.

Оқуға кеңес береміз:

Көктайғақта құлап, жарақат алмас үшін не істеу керек

Вирустармен қалай күресу керектігі жөнінде дәрігер Комаровскийден нұсқаулық

Дәрігер-поляршыдан қатты аязда дұрыс тыныстаудың 8 ережесі

Қыс мезгіліндегі ең пайдалы жемістер


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

Айдын

Алматы қаласындағы ТЭЦ ті құрту керек қой!

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз