Ерекше бездер шығарып, құлақ інінің басында көбейетін құлақ құлығы іс жүзінде пайдалы зат. Ол сырттан кіретін шаңды ұстап, құлақ шымылдығына қарай жібермейді. Алайда церуминоз бездері тым белсенді болса, не құлағымды тазалаймын деп, құлықты ішке қарай итеріп тастасаңыз ін түбінде қалың құлық тығыны орнығуы мүмкін. Оның салдары: құлағыңыз шуылдайды, ауырады, есту нашарлайды. Не істеу керек? Біздің кеңеске құлақ қойсаңыз, ойыңыз оңғарылады.
— Тікелей сырғалық тұсынан басыңызды жайлап уқалаңыз — бұл құлықты жұмсартады. Содан кейін сырғалықты төмен тартып, босатып тұрыңыз. Тартқан кезде аузыңызды ашыңыз, босатқан кезде жабыңыз.
— Пипетканы 37 градус температурадағы не сәл жоғары градусты сутегінің асқын тотығымен толтырыңыз. Содан кейн бітелген құлақты жоғары қаратып жатыңыз да, соған құлақ іні толғанша сутегі тотығын тамызыңыз. Осылай үш минут жатқаннан кейін сутегі тотығы құйылған құлағыңызды сұйық ағып болғанша, жуынғыш шылапшынға еңкейтіңіз не орамалға басыңыз. Содан соң әлгі құлаққа жайлап жылы су шашыратыңыз. Біраз солай ұстап, суды ағызып жіберіңіз. Құлақты шүберекпен, не мақтамен құрғатыңыз.
— Сутегі тотығының орнына вазелин майын да пайдалануға болады. Бітеле бастаған құлағыңызды жоғары қаратып, пипеткадан бірнеше тамшы тамызыңыз. Ол май өз ықпалын білдіріп жатқанда, бір сағат бойы өз шаруаңызды тындыра беріңіз. Содан соң құлаққа жылы су тамызып, ол сұйық түгел шығып біткенше басыңызды шайқаңыз.
— Жуып болған соң құлағыңызды фенмен құрғатыңыз. Оны ең салқынына қойып, құлағыңыздан отыз сантиметр аралықта ұстаңыз.
— Жуынған сайын құлағыңыздың ішін ылғалды шүберекпен жақсылап сүртіңіз. Ешқашан құлақ ініне мақталы таяқша сұқпаңыз. Онымен сіз құлықты құлақ пердесіне дейін итересіз, ол жерде құлықты жұмсартатын без жоқ. Соның салдарынан тастай мықты тығын пайда болады. Мұның үстіне сіз құлақ пердесін тесіп жіберуіңіз де мүмкін.
— Мал майын, сары май, сыр, т.б. пайдалануды қысқартыңыз. Әрі оларды маргарин, жартылай фабрикаттар, т.б. алмастырмаңыз. Кейбір мамандар осынау заттар құлақ бұлығын жасайтын бездерге септеседі, мұның үстіне оның тығыздығын арттырады деп біледі. Балықта, дәнде, жаңғақта болатын май пайдаланған әлдеқайда жақсы.
— Егер естуді жақсартатын аппаратты пайдалансаңыз, күн сайын кешке жатар алдында оны шүберекпен мұқият сүртіп қойыңыз, сонда құлық жиналмайды.
— Құлағыңызда жүн көп болса, оны кішкентай қайшымен немесе арнайы батареялы триммермен қырқыңыз. Кері жағдайда құлық оны бір-біріне жабыстырып тастап, тазалауды қиындата түседі.
Баланың құлағына немесе мұрнына кірген нәрселерді қалай шығарамыз?
Қытай ғалымдары адамның құлағын қалпына келтірудің тың әдісін ойлап тапты
Неге бірнәрсеге зейін салып қарағанда бізге сөйлеп жатқандарды естімей қаламыз?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Дилдаш
Сұйық бұлақтанса қалай тоқтатуға болады. Рақмет алдын ала
Myrza
керемет
Қазақ
Гайморитті операциясыз емдеуге болама
Қазақ
Гайморитті емдеу жолдарын көрсетіңіздерші