Әлем елдерінің таңғажайып мекенімен танысу-көңілге қуаныш сыйлайды, тынығуыңызға септігін тигізеді.Саяхатты әрбіріміз әр түрлі мақсатта құрамыз, алайда оның да өзіндік пайдасы бар екен.Ендеше, саяхат жасаудың ерекшеліктерімен бөлісейін:
1. Сіз шаршап-шалдығасыз, естен кетпес демалысты қалайсыз.
Көптеген тұлғалар қолайлы уақытты таңдап, өзіне ұнайтын мемлекетте сауық құруды ұнатады.Дәл осындай саяхаттан кейін, сіз ерекше жеңілдікті сезінесіз, сүйікті жұмысыңызға деген құлшынысыңыз ашылады.
2. Жоспармен жүруді әдетке айналдырасыз.
Саяхат барысында мүмкіндігіңіз одан әрі артады.Сіз шулы ортаны не болмаса тарихи мекендерді аралауды ұнатпайтын боларсыз, бірақ бұл өзіңізді басқа қырыңыздан көрсетуге таптырмас мүмкіндік.
3. Адамдармен қарым-қатынас.
Жаңа орта тауып, өз көзқарастарыңызбен бөлісу-саяхат кезінде мәңгілік естелік сыйлайды.Бәлкім, сіздің қызығушылықтарыңызға сай жандар кездесетін болар.Олармен уақыт өткізу-кемшіліктеріңізді түзеуге көмегін береді.
4. Өзге мемлекеттің ғұрпы мен дәстүрімен танысу.
Кейбіріміз көптеген елдердің салт-санасына ерекше назар аударып, интернет көздерінен қосымша мәлімет іздестіреміз.Саяхат жасау арқылы басқа да халықтың ерекшеліктерімен танысып, етене байланыс жасай аласыз.
5. Мәселелеріңізді шешу.
Егер сізде қиындық туа қалса, ойланбастан саяхатқа аттаныңыз.Бірнеше уақыттан соң, сіздің ой-санаңыз тазарып, 24 сағат бойы тоқтаусыз жұмыс істейді.Тексеріс жасап, тәжірибе жинақтайсыз.
6. Суретке түсу.
Әлем елдерінің көрікті жерлеріне құрмет көрсететін адамдар-естелік қалдыруды ұнатады.Сол үшін де суретке түсіп, терең тарихымен бөліседі.
7. Өзге тілді үйрену.
Мәселен, сіз ағылшын немесе итальян тілін меңгеруді қалайсыз.Есіңізде болғаны жөн:сіз өзге елдің ана тілін практикалық тұрғыда ғана үйренесіз.Парижге саяхат жасауды ұнатсаңыз, француз халқымен қарым-қатынас құрасыз.Бұл сіздің акцентіңіздің дұрысталуына көмектеседі.
8. Өзіңді және әлемді тану.
Егер жақын жаныңыздың ішкі әлемімен танысқыңыз келсе-онымен саяхаттаңыз.Жалғыз аттанар болсаңыз, жан дүниеңіздің шынайылығын танисыз.
9. Саяхат жасауды ұнату.
Кез-келгеніміздің жеке позициямыз бен әуестігіміз бар.Мүмкін, сіз де саяхаттағанды ұнататын боларсыз?!
Саяхат-өмір көрінісі.Баршамызға тынығатын жайлы орын әрі жаңа орта қажет.Әйтпегенде, бойымыздағы кейбір құндылық қорларын толықтыра алмаймыз.
Аружан Самидин
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі