Кейбір тұлғалар керекті ақпараттарды жадында сақтай алмай дал болады.Бұл да өміріңізге кері әсерін тигізбей қоймайтын кесел екенін ұмытпағаныңыз жөн.Бойыңыздағы осы дерттен құтылғыңыз келсе, мына кеңестерді орындаңыз:
1. Жаяу серуендеу.
Таза ауада жарты сағаттық серуен құру- ми жұмысын 15%-ға арттырады екен.Қан айналым жүйесі жаңарып, қиындықтарды жоюға өзіндік үлесін қосады.
2. Күнделікті уақытыңызды әдеби кітаптарға арнаңыз.
Сіз шығармамен танысуды бастаған сәтте, нервтық жүйеңіз денеңізбен тығыз байланыс орнатады.Көңіл-күйіңіз көтеріліп, туындыдан рахат алар болсаңыз, мидың белсенділігі артады.
3. Дәрумендерді қабылдаңыз.
Ағзаны түрлі токсиндерден тазарту-мидағы арнайы клеткаларды қалыпқа келтіреді.Көкөністер мен жемістерді қолданыңыз.
4. Әлем тілдерін меңгеріңіз.
Қосымша тілді білу-интеллектуалдық санаңызды құрайды.Әсіресе, қартаң тартқан жандар үшін бұл-тартырмас мүмкіндік!
5. Бақытты екеніңізді сезініңіз!
Біздің жадымызды қуаныш гормондары басқарады.Өз ғұмырын гүлдендіретіндер -ақпаратты ойында жақсы сақтайды және шаршап-шалдығуды білмейді.Ғылыми зерттеулердің нәтижесі бойынша, дофамин гормоны фенилаланин аминқышқылын қажет ететін көрінеді.Есте сақтау қабілетін жақсартуға осы гормондар тікелей әсер етеді.Дофамин гормонын қызылшадан, миндалды жаңғақтардан, тауық жұмыртқасы мен күркетауық етінен алатыныңызды жадыңызды тұтыңыз.Дәрумендерді қолдануды жиілетіңіз.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі