Жолдас деген кісі болыпты. Ол бір байдың үйіне барады. Бай сол күні жылқы сояды, бірақ бай оны құр шаймен жатқызады. Түнде Жолдас тұрып, шоланға шығады. Шоланда ет жаюлы тұр екен. Бір санды алып, шығар есікті таба алмайды. Сөйтіп жүріп, шелекке соқтығады. Бай оянып кетіп:
— Ей, не істеп жүрсің? — дейді. Сонда Жолдас:
— Санды алып... есікті таба алмай жүрмін, — депті.
— Көзіңді дұрыстап ашып қарасайшы, — дейді бай.
Бай ертеңгісін тұрса, бір сан жоқ. Сонда барып Жолдастың өзін алдағанын біліпті.

- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі