Түркістан шаһарында ғұлама Қожа Ахметтен дәріс алған көп шәкіртінің бірі — Шопан ата еді. Бірде ұстазы шәкірттерін сынау ниетімен медресе жанына жинапты. Қолындағы асасын басынан бірнеше қайтара айналдырады да, лақтырып жібереді. Ол сонан соң:
— Ал, шәкірттерім, асаны қайсысың бірінші тауып әкелесіңдер, — дегенде, шәкірттер аса таяқтың ұшқан жағын бетке ұстап жарыса жүгіріп кетеді. Шопан ғана орнынан қозғалмай тұрып қалады. Қожа Ахметтің:
— Сен неге асаны іздемейсің? — деген сауалына:
— Мархаббатты ұстаз, сіздің асаны табу үшін менің ұзақ сапарға аттануым керек, — деп жауап қайтарады. Шәкіртінің білімдарлығына риза болған Қожа Ахмет сапарына ақ жол тілеп, батасын беріп қош айтысады.
Шопан ата Қожа Ахметтің Түркістанда лақтырған асасын Маңқыстау түбегінен табады. Ол аса қадалған жерді үңгіп, жер асты мешітін салады. Құдық қазады, өткен-кеткен жесін деп тұт ағашын егеді. Ел балаларын оқытып, өзі де ғұлама ұстаз атанады. оның жер асты мешіті жартылай құлаған күйінде әлі күнге дейін сақталған, ел-жұрты оның басына тәу етіп, түнейтін қасиетті орын.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі