Заман қадымда қазақ жұртында бір Жиренше шешен деген кісі өткен екен. Сол замандағы хандардан бір хан Жиреншені сөйлетіп көремін деп шақыртты дейді. Сонда Жиренше шешен ханға кірген жерден:
— Бір жасыңыз мың болсын, — деген екен. Хан бұл сөзін ұнатпай:
— Шешен кісіден де осындай орамға келмейтін артық сөз шығады екен, — депті. Сонда Жиренше шешен айтты дейді:
— Құлдық тақсыр, құп айтасыз, адамның өзі мың жасамайды, артында аты қалса, аты мың жасайды, екінші, дүние де бір қызық көрген дәурені, бір күнінің өзі мың жылға тұра тұғын қызық дәуренменен өтсін деп айтып едім, — депті.
Сонан соң хан бұл сөзін хош алып, арымас ат, тозбас тон берген екен. «Арымас ат, тозбас тон» дегеннің мәнісі — өзіне бір орын беріп, «қашан өлгенінше» деп уәзипа тағайын қылған екен осы айтылған хикаяны тамамдау үшін.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі