Ши бауырсақ

Басты бет / Дастарқан – тағамдар мен рецепттер / Ши бауырсақ

Ши бауырсақ — Дастарқан – тағамдар мен рецепттер бөліміндегі материал. Бұл беттен тақырыптың мазмұнын оқып, негізгі ойымен таныса аласыз.

Егер сіз Ши бауырсақ бойынша ұқсас материалдар іздесеңіз, төменде берілген байланысты сілтемелерді де қарап шығуға болады.

Сүтке, жұмыртқа қосылған сорпаға иленген қамыр созылып, ұсақтап туралады да мол етіп май құйылып, соған қалқытып пісіріледі. Мұндай бауырсақтың дәмі кәмпиттің дәміндей болады. Үгітіліп тұрады.

Ши бауырсаққа қажетті заттар:

Ұн – 500 гр.
Сары май – 100 гр.
Жұмыртқа – 1 дана.
Қант – 1 ас қасық.
Тұз – 1 шай қасық.
Ас содасы – 1 шымшым.
Су.

Жасалу жолы:

1. Үлкен ыдысқа ұнды салып, ортасына ұңғыма жасаймыз. Ортасына сары майды ерітіп құямыз, жұмыртқаны саламыз.

2. 2 стақан жылы суға тұз, қантты ерітеміз де, ұнға біртіндеп құйып, қаттырақ қамыр илейміз.

3. Қамырды 30 минутқа иі қанғанша жауып қоямыз.

4. Қамырды 3-4 күлшеге бөліп, әрқайсысын 0,5 см қалыңдықта жаямыз.

5. Енді жайылған қамырды 3-4 сантимерлік сызықша етіп кесіп, әр сызықты 0,5 см-дей таяқшаларға бөлеміз.

6. Бауырсақты майға қуырамыз. Осымен бауырсағымыз дайын.

Ас болсын!



WhatsApp Telegram

Пікірлер (2)

Есімім Інжу

Пікірім жақсы бауырсақ екен мен жеп көрдім жасалу жолын уөрметкеніна рахмет

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ши бауырсақ туралы не білуге болады?

Бұл бетте Ши бауырсақ тақырыбына қатысты негізгі мазмұн берілген.

Бұл материал қай бөлімде жарияланған?

Материал Дастарқан – тағамдар мен рецепттер бөлімінде жарияланған.

Осыған ұқсас материалдарды қайдан көруге болады?

Тақырыпқа жақын басқа материалдарды төмендегі қатысты сілтемелер мен бөлім беттері арқылы қарай аласыз.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Дастарқан – тағамдар мен рецепттер бөліміндегі басқа материалдар Ши бауырсақ тақырыбындағы материалдар бауырсақ тақырыбындағы материалдар Ұннан жасалған тағамдар тақырыбындағы материалдар ұлттық тағам тақырыбындағы материалдар Қазақ дастарқаны тақырыбындағы материалдар