Өлең, жыр, ақындар

ҚазҰУ - біздің мақтанышымыз!

Адамзат баласы осы қиындығы мен қызығы қатар жүретін мынау дүниеде қанша жыл өмір сүрсе де, қандай іспен айналысса да өміріндегі ең бір ұмытылмас кездер универистет қабырғасындағы керемет шақтар. Мен де осы бір керемет кезеңнің табалдырығын аттап, балалық шақпен қоштасып , жаңа бір белеске аяқ бастым. Менің Алатаудай асқақ арманым мені Алматы шаһарындағы, Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне жетеледі. Мен университеттің есігін айқара ашқан күннен бастап, мені жаңа әлем, жаңа адамдар, жаңа достар күтіп тұрғанын оған қоса мойнымда үлкен жауапкершіліктің барын сезіндім. Өйткені осындай заңғар университеттің студенті атану әркімге бұйыра бермес бақ деп білемін. Ал енді осы басыма қонған бақты аялау әрі қарайғы менің басты міндетім. Әл – Фараби бабамыз өз сөзінде: « Бақытқа жеткізетін еркін әрекет — тамаша әрекет» дегендей, сол тамаша әрекеттің бірі – ол білімге деген құштарлық деп санаймын.

Университетке аяқ тірегелі бері өзімді нағыз телегей теңіз білім ордасына, жалынды жастардың қатарына енгеніме өте қатты қуанамын. Өйткені, елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміз бен біздің жастарымыздың басты байлығы — сапалы білім екенін өзінің сөйлеген сөздерінде бірнеше рет атап көрсеткен болатын. Осы сапалы білімнің қара шаңырағы, Қазақстандағы білім беру жүйесінің тірегі, ескінің көзін көрген, 80 жылға жуық бай тарихы жинақталған ұлттық университетте еліміздің түкпір түкпірінен, алыс – жақын шет елдерден келіп, оқып жатқан студенттер жетерлік. Университет қабырғасында жан – жақты, біліктілігі жоғары, қазақтың керемет ақын – жазушыларының алдын көрген, сол ұлы кісілерден дәріс алған отушы-профессорлар, ғылым докторлары, ғылым кандидаттары, доценттер қызмет атқарады.

т.ғ.д., профессор., Сайлан Б.С.,   

Тарих, археология және этнология факультетінің 2 курс магистранты Нурбосынова Н.Ж.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.


Қарап көріңіз

Пікірлер