Қарапайым шыңдық өзгеге қарап өзімізді ұмытамыз. Біз қазақ елі қоңақжай, салт сананы сақтайтын ұлы халықпыз, бірақ біздін үлкен қателігіміз өзгеге қарап өзімізді ұмытуымыз. Қарапайым мысал Қазақстан дейтін үлкен байлығы мен бақытты елде тұра, шетелдін істегенін істейміз. Өркениетін сол бағытқа бұрғаны адамдарды қатты аландатады. Шыңдықты айту керекқой қазақтың қарапайым кимешегін, тым құрығанда шапаның бір келген наурызда кимесе одан басқа уақытта сыр саңдық түбінде жатады. Онын орнын қалған уақытта Қытайдын киімдері мен бренд пен тренд киімдер алып жатыр, құр матаны бір біріне жалғап әйтеуір бос шыққан ашық-шашық киім, әйтеуір әр кімнің үстінде. Солардын өркениетіне қарай өрмелеген сайын, өртке оранғандай күй кешеміз. Ол біздін салт санамыздың соған қарай бет бұрғаның жақсы көрсетеді. Яғни ол өзімізді ұмытқанымыздың үлкен белгісі.
Кейде ойланып қарасаңыз алпауыт мемлекетер, алға қадамын нық қойған мемлекеттер. Алға қадам басқан әр мемелекет , өзінен кіші мемлекеттерге ағасы мен қамқоршысы сияқты. Қарапайым мысал, Ағасы киген киім інісіне бұйырары айтпасада түсінікті шығар, міне дәл солай. Өзінің қолданысында болған керегі болмай қалған әр құралы, басқа елдін пайдасына тиімді асуда. бұны үлкен мүмкіндік деп қарастыруда. Ал бұл тұрғыда біздің үлкен қателігіміз, неге сол нәрсені өзіміз жасамасқа. Тарихқа сүйене отырып сонау уақыттан 150-200 жыл шегерілгеніміз рас, бірақ салт дәстүріміз, дініміз, тілімізді ешкім олай шегермеді. Үлкен мемлекеттер мен бір қатарда тұру үшін олар бізге 2 ғасырдан кейін осы орынға отыр сен әлі артасын деп айтпайды. Тек біз шетелге қарап бой түзегенмен алатынымыз аз болуы мүмкін. Қуаныш Шонбай ағамыздың екінші болма атты кітабында, өз ойы мен:
Ізденіс жолында жүргенімде Бодо Шефер, Роберт Кийосаки сияқты авторлардың кітаптары қолыма бірін ші болып түсті. Олар шынында да, мықты мотивация береді, болашаққа сенім сыйлайды, ертеңгі өмірің қандай болатынын әдемілеп, әсерлендіріп суреттеп береді. Бірақ, бұл кітаптардың бірінші «минусы», олар сенің ертең қандай болатыныңды айтады. Арманда, мақсат қой, мотивацияң болу керек, еңбектен, сонда жетістікке жетесің дейді. Алға қадам жасауға дайын тұрғаныңда, неден бастайтыныңды білмей қаласың. Яғни, бұл кітаптар нені және қалай жасау керегін белгілеп бермейді. Көбіміздің мотивацияны жинап алып, іске келгенде еш нәрсені жүзеге асырмауымыздың себебі осында. Тауды да қопарып тастауға дайын болғаныңда, не істейтініңді білмейсің. Ал мен өзім көп ойландым, көп зерттедім. Батыс моделіндегі кітаптардың көбі мотивация беру үшін жарамды екені күмәнсіз, бірақ менің түсінгенім, қазақтарға, әр қадамның жазылғаны, неден кейін нені жасайтыны белгіленіп, айтылғаны жағады.
Әрине әр қазаққа мотивация беретін шетелдін сол кітаптары ғана, және соларды оқып жетістікке жеткендері кемде кем. Біз тек олардың өркениетіне еліктейміз, талпынамыз солардың жасағаның жақсы көреміз, ия бұл бірақ өз ішіізде олай емес. Шет тілді үйреніп мәдениетіне қадам басып келгенде, өзіміздін кім екенімізді ұмытамыз. Қоғамымыздың бір бөлігі қазақ тілін, мәдениетін ұрандатып жүрсе, енді бір бөлігі жат елдің мәдениетін жарыса кіргізіп жатыр. Батыс басын айналдырған жастар үшін қазақ мәдениеті ескінің қалдығы ретінде қабылданатыны жаныңды қынжылтады. Осы тұрғыда М. Шахановтың батыстыңцивилизациясына кіремін деп каналаизациясына түсіп кетпендер дегені әр адамды ойландырары аңық. Өзгенің өркениетін дәріптеп жүріп, өзіміздің өркениетімізді ұмытпайық ағайын.
Бектенұлы Бекболат
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі