Баяғыда бір шал мен кемпірдің ештеңе істемейтін, өте еріншек жалқау келіні болыпты. Күндердің күнінде шал таңертең ерте тұрып, келінінің ұйықтап жатқанына ашуланып, келін көрсе ұялар деп қолына сыпырғыш алып, қорасының ішін сыпыра бастапты. Оны көрген кемпірі үйінен шығып:
— Ау, шал-ау, маған бер, мен сыпырайын, — десе, шалы бермепті. Сөйтіп екеуі «мен сыпырамын» деп таласыпты. Сонда еріншек келін орнынан да тұрмай, терезеден:
— Неге сонша таласасыңдар, біреуің бүгін сыпырыңдар, біреуің ертең сыпырыңдар. Сөйтіп, кезек-кезек сыпырмайсыңдар ма, — депті.
07.11.2024 10:34
05.11.2024 19:53
03.11.2024 14:51
16.09.2024 12:34
12.09.2024 14:40
Қателік орын алды
SYSTEM INFO
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі