Жайлау үстінде Майбас бір қарияның үйіне қоныпты. Шалдың қасында жаңа көтерген отауы бар екен. Ел жатып, біраз уақыт өткен соң, Мәкең дәрет қысып далаға шығыпты. Түн көзге түртсе көргісіз қараңғы екен. Мәкең ұзағырақ барып, қайта келе жатып, байқаусызда отаудың алдында жатқан көк төбетті басып кетіпті. Ит «қаңқ» етіп атып кеткенде, шошып қалған Мәкең тұра қашамын деп кетпеннің басын басып қалыпты. Кетпеннің басы қайырылып келіп Мәкеңнің құлақ шекесіне сарт ете түсіпті. Мұны «аңдып жүрген біреу сойылмен салып қалды» деп ойлаған Мәкең:
— Ағатай-ай, өзім жүр едім, — деп екі қолын тік көтеріп кетпенге тәжім етіпті. Сол кезде адамның дауысынан именіп, орнынан түрегелген бір сиыр «піш» ете түсіпті. Бұл үрейлі Мәкеңе бейне төніп келе жатқан адам сияқты көрініпті, тұрысынан әрі абыржып:
— Сенсең дәретке шықтым, бұл үйдегі келін менің жақын қарындасым болады, — деген екен әлгі дыбыс шыққан жаққа қарап.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі