Өлең, жыр, ақындар

Рас жолбарыс екен

Денесі қаңылтақтау, мейлінше бөсіп, сөзуар бір адам болыпты. Бір күні әйелімен қатты ренжісіп қалыпты, сөзде еріне төтеп бере алмаған әйелі ашуға булығып оқтауға ұмтылғанда, істің насырға шабатынын көрген ол дереу төсектің астына сүңгіп кетіпті. Әйелі келіп:

— Шық бері, сазайыңды тартқызайын, — деп кіжініпті. Сонда ол төсектің астында жатып:

— Ер сөзінен, жолбарыс ізінен қайтпайды, еркек басыммен айтқанымнан қайтады деп ойлама, шықпаймын деген соң шықпаймын! — деп айбар шегіпті. Арашаға келгендер мұны көріп «мынау рас жолбарыс екен» деп күле-күле тарасып кетіпті.

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз