Өлең, жыр, ақындар

Алуан-алуан ұры бар

Екі ұрының біреуі үйге кіріпті де, енді біреуі сыртта тосып тұрыпты. Үйге кірген ұры тыңдаса, жігіті мен келіншегі сыбырласып жатқан екен, келіншек:

— Сен мені жақсы көресің бе? — депті күйеуіне.

— Мал беріп, сүйіп алған соң сені неге жақсы көрмеймін, әрине, жақсы көремін, — депті күйеуі. Келіншегі:

— Ондай болса мені далаға көтеріп шығаршы, дәретке отырайын, — депті. Мұны естіген үйдегі ұры «біліп қойды ма бұлар» деп бұға түсіпті.

Ал жігіт жалма-жан төсектен түсіп, келіншегін балаша көтеріп далаға шыға келгенде, сыртта тосып тұрған ұры мол бірдеме көтеріп шыққан екен деп қуанып:

— Алып шыққаның не нәрсе? — деп күбір ете түсіпті. Ойда жоқта тосын шыққан дауыстан жігіт шошып кетіп, келіншегін тастай салыпты. Келіншек баж ете түсіпті, осы иу-қиуда екі ұры зытып беріпті.

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз