Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын, дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш – білім және білімді ұрпақ. Саналы ұрпақ – егеменді елдің берік тірегі. Біз тәрбиелі, озық ойлы, білімді тұлға дегенде рухани жан дүниесі бай, білімі мен біліктілігі жоғары, талап талғамы терең, салауатты өмір салтын дұрыс қалыптастырған тұлғаны айтамыз. Көп жағдайда білім мен ғылымды ажыратпаймыз, бұл екеуін бір деп қараймыз. Әрине бұл екеуі бір – біріне өте жақын, дүниетаным нәтижесі. Бірақ, бір емес. Біріншіден, ғылым білімнен кейін дүниеге келді. Оның бастауы адам баласы тарихымен байланысты. Және әр елде, әр этноста түрлі жағдайларға байланысты қалыптасып, дамыған. Елімізде қазіргі кезеңдегі басты мәселенің бірі технологиялардың даму кезеңінде болашақ ұрпақтың тәрбиесі мен білім алуы, Егемен еліміздің болашағы, оның әлемдік өркениеттегі өз орны, ең алдымен білім мен тәрбиенің бастауы – ұстаз қолында. Ұлағатты ұстаздарымыздың арқасында қазір елімізде жас ғалымдар саны артып келеді, әрине бұл ұстаздардың жеңісі. Балаға дұрыс нұсқау берді, бар білгенін үйретті. Нәтижесінде еліміздегі ғылым дамудың даңғыл жолында. Жас ғалымдарымыздың ауыз толтырып айтарлықтай көптеген ғылыми жұмыстары бар. Айта кететін болсақ мені озық ойымен қызықтырған қазақтың жас ғалымы Нұрғали Ақылбеков ол бактерияларға қарсы 10 есе биологиялық белсенділік көрсететін препарат ойлап тапқан болатын. Нұрғалидың жаңалығы халықаралық деңгейде мойындалып отыр. Оның еңбектері Еуропалық басылымдарда бірнеше рет жарық көрді. Ал өткен жылы Италияның Милано Мариттима қаласында өткен жас химиктер симпозиумында баяндама жасаған болатын. Осылайша еліміз әлемге кеңінен танылып келеді. Яғыни біз бұнымен тоқтап қалмауымыз керек мақсатымызға жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады. Осылайша тереңінен дами түсеміз. Осы ретте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.
- Тәуелсіз Қазақстанның ғылыми саласы ең алдымен әлемдік ғылыми кеңістіктің бір тармағы, сондықтан ғылым және білім министірлігі отандық ғылымдағы ұрпақ алмасу үрдістеріне назар аударуы тиіс. Заманауи ғылымға қан жүгіртетін – жастар, олардың ғылымдағы тынысын қадағалап отыру – біздің қасиетті борышымыз. Мені, соңғы жылдары жастардың дені – ғылымға бет бұра бастағаны қуантады,- деп айтқан болатын кезекті бір отырысында. Елбасының бұл сөздері жастардың ғылымға деген қызығушылығын арттыра түскені сөзсіз. Қорыта айтқанда, бүгінгі ұрпақ – еліміздің ертеңі.Ендігі Қазақстан мына біздің қолымызда, тың идеяларымызбен, ғылыми жобаларымызбенен дамыған елімізді одан әрі дами түсуіне үлесімізді қосу мына біздің басты міндетіміз.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі