Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова мектеп, колледж және балабақша директорларына неліктен жаңа талаптар қойылып жатқанын түсіндірді.
«Бұйрыққа өзгеріс енгізудегі негізгі мақсат – мектеп пен колледж, балабақша, қосымша білім беру мекемелерінің басшыларын неғұрлым сапалы деңгейде дайындау. Сондықтан үміткерлерге алдағы уақытта жоғары талап қойылады. Осы мекемелердің басшысы боламын деген адамдарға қойылатын талаптар бойынша тиісті құжат бекітіледі. Бастысы – білім сапасы. Білім сапасына әсер ететін әрі жақсартатын бірден-бір адам – басшы. Сондықтан, ары қарай да келесі нормативті құжатта біз осы білім беру мекемелерінің басшыларын тағайындаумен қатар, олардың атттестаттау тәртібін де өзгертетін боламыз», - деді Шолпан Каринова ведомствоның отырысында.
Вице-министрдің айтуына қарағанда балабақша, мектеп немесе колледж болсын – барлығының директорының еңбекақысы аттестаттау нәтижесіне байланысты болады.
«Бүгінгі күні олар нәтиже бойынша бірінші, екінші және үшінші дәрежелі басшылар болып бекітілген. Олардың әрқайсысының біліктілік талаптары айқындалған. Осы талаптарға сай келген жағдайда және тиісті ұлттық санақ тестілеуінен өткен кезде, екінші кезеңінде мектеп, колледждің даму жоспарын бекітіп, іске асырылуының нәтижесін көрсете білген жағдайда – аттестаттау қорытындысы бойынша шешім қабылданады. Мұның барлығы – бүгінгі күні білім саласының алдына қойылып отырған талаптардың өте жоғары екенін көрсетеді», - деді ол.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі