Өлең, жыр, ақындар

Ұстаздық ету-келешекке даңғыл жол салу

"Ұстаз болу-жүректің батылдығы,

Ұстаз болу-сезімнің ақындығы",-деп алты Алаштың ардақтылары жырлағандай, саналы ұрпақты білім нәрімен сусындатып, ұшқыр ойлы етіп тәрбиелеу де-ұлы іс.Бүгінгі сұқбатым -білім ордасында елеулі қызмет көрсетіп жүрген қазақ тілі және әдебиеті пәнінің маманы Назира Бопинаевамен болмақ.

1. Сәлеметсіз бе?! Сұқбат беруге келіскеніңіз  үшін алғысымды білдіремін.Сұқбатымызды ұстаздық қызметті таңдау себебіңізден бастасақ..

-Қайырлы күн! Жалпы алғанда, мен ұлағатты ұстаздың отбасында дүниеге келдім.Отбасымдағы жақындарымның барлығы да-ұлағатты ұстаздар.Мен сол кісілерге еліктеп өстім.Ұстаздық қызметке келуімнің де басты себебі-өскелең ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру болатын.Бұл мамандық біліктілікті ғана емес, сабырлылық пен жан-жақтылықты да талап етеді екен.Ұстаздық ету-келешекке даңғыл жол салу.Сондықтан да мен осы қызметті таңдадым.

2. Ұстаздарды ұлықтау-ең асыл іс.Қазіргі таңдағы ұстаз бен оқушының арасындағы сыйластыққа көңіліңіз тола ма?

-Бүгінде қоғам арасында түрлі келеңсіз жайттар орын алып жатқаны даусыз.Кейбір мектеп оқушыларының жағымсыз қылықтары көңілімді түсіреді.Ұстазға сыйластық таныту қажет.Иә, мұғалім тарапынан қателік кетпейді деп айта алмаймын.Бірақ, білікті ұстаз-шәкіртін жақсылыққа ғана жетелейді, білім көгіне шығарады.Меніңше, кез-келген оқушының бойындағы сыйластық қасиетін оятуы қажет.

3. Ұстаздық қызмет нені мақсат етеді деп ойлайсыз?

-Ұстаздық ету-ғибратты іс.Ол-тәлім мен тәрбиені ұштастыру, шәкірт болашағын күйттеу және оқушыны биік белестерге жетелеу.Келешек ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеу де-ұстаздың парызы.Ертеңгі ел жақсыларын қалыптастыру жолында аянбай тер төгетін де-ұстаз.Сондықтан да оның бағасы биік.Ұстаздық қызметтің мұраты сан қилы деп білемін.

4. Шәкірттерді жеңіс тұғырына шығару үшін ұстаз талмай еңбек ететіні хақ.Оқушы бойындағы қызығушылықты ояту үшін қандай шараларды қолға алу қажет?

-Шәкіртін білімділікке тәрбиелеу үшін ұстаздың бойында этика мен эстетиканың болуы шарт.Әр сабағын қызықты әрі есте қаларлықтай етіп өткізсе, оқушының да талабы оянады.Ұстаз шәкірттерін бөліп-жармауы керек.Осы бағытты ұстанамыз деп оқушының қызығушылығын жоямыз.Бар кінәні оның бойынан іздейміз.Ал, шәкіртін қанаттандырушы-ұстаз.Сабақты ұғынымды түрде түсіндірсек-қызығушылқты да оятатынымыз айдан-анық.

5. Әңгімемізді жеке өміріңізге ойыстырсақ, бала күніңізден кімге еліктеп өстіңіз?

-Мына жарық дүниедегі шуағын төгер жақсыны -ақ сүт берген аяулы ана тәлім бере отырып, бойына бар бағалыны сіңіртеді.Биік бастаманы қалауыма себепкер болған да-менің ардақты анам.Ес білген шағымда:  "Қызым, ешуақытта адамдықтың арынан аттама.Күндей күлімдеп, өзгелерге ыстық мейіріммен қарасаң, нұр үстіне нұр болады.Кез-келген істі байыппен баста.Сынақтарға мүжіліп, өзіңді құрдымға кетірме.Жақсылық жасаудан жалықпа." деп асыл сөздерін жадыма тоқитын.Осындай тұнып тұрған даналықтың иесі-анамдай қадірлі адам атанғым келеді.

6.Керемет! Ал, мына өмірде не нәрсеге алғыс айтар едіңіз?

-Ең әуелі, Жаратушының сыйлаған әрбір таңына алғысымды білдіргім келеді.Жақын жандарым мен аяулы шәкірттерімнің қамқорлығы мен құрметі жанымды ерекше жадыратады.Көңілімді көктемдей құбылтатын ұстаздық қызметіме айтар алғысым бір төбе.

Сұқбатыңызға көп рақмет! Сізге шығармашылық табыстар тілеймін.

Аружан Самидин


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар