Білім саласында өтетін халықаралық мәдени, спорттық шаралар екінші жарты жылдыққа шегерілді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.
«Үйіне қайта алмай қалған немесе әртүрлі себептермен қайтуға мүмкіндігі жоқ студенттердің жатақханада қалуына барлық мүмкіндік жасалған. Елімізде 90 мыңға жуық студент жатақханада тұрса, 20 мыңнан астамы әлі де жатақханада тұрып жатыр. Жатақханада қалған студенттерге шектеу қойып, режим сақтау бойынша жұмыс жүргізілуде», - дейді Асхат Аймағамбетов Орталық коммуникациялар орталығында өткен брифингте.
Оның айтуынша, біліктілікті арттыру курстарының жартысын онлайн форматқа ауыстырылса, қалғаны кейінге шегерілген.
«Білім саласында өтетін халықаралық мәдени, спорттық шаралар екінші жарты жылдыққа шегерілді»,- дейді ол.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі